Текеліде 10-сынып оқушысының жүктілігіне қатысты істі полиция тергеп жатыр

Текеліде 10-сынып оқушысының жүктілігіне қатысты істі полиция тергеп жатыр

Жетісу облысында жүкті болған оқушының ісіне полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Жүкті болған оқушы қыз Текелі қаласындағы №5 мектептің 10-сыныбында оқиды. Қазір ол баласын алдыртып тастапты.

 

Жетісу облыстық білім басқармандағылар баланың толық отбасынан шыққанын жеткізді.

 

«Текелі қалалық полиция бөлімі осы іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде заңды шаралар қабылданады»,- деді Текелідегі №5 мектептің директоры Жанар Жақыпбекова.

 

Ал қалған жүкті болған екі оқушының бірі Панфилов ауданының Үшарал ауылындағы мектепте 9-сыныпта, екіншісі Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназияда 10-сыныпта оқиды.

 

Екі оқушы қыздың құрсағына бала біткелі үш айдан асқан. Екіқабат оқушылар мектепке келіп, сабағын оқып жүр.

 

«Баласының өмірі және баласының қауіпсіздігі үшін әрбір ата-ана жауапты екенін ұмытпау керек. Баланың кіммен қандай қарым қатынаста болғанын, оның және достарының кім екендігін, кешкі уақытта әлеуметтік желіде немесе басқа жерде кіммен байланысып отыр, содан кейін баланың мінез-құлқына да баса назар аударып отыру керек»,- дейді Жетісу облыстық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бас маманы Руслан Арсланов.

 

Білім басқармасындағылар жалпы оқушылардың осындай келеңсіз жайттарға тап болып жатқаны жасырын сауалнама, түрлі психологиялық тест арқылы анықталатынын айтады.

 

Естеріңізге сала кетейік, ерте жүктілік бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген дәл осы Текелі қаласындағы №8 мектептің басы дауға қалған болатын.

 

Себебі шараны ұйымдастырушылар балаларға жезөкшелерге берілетін ақыл-кеңес жазылған брошюраны таратып берген.

 

Мұны көрген оқушылардың ата-аналары жағасын ұстап, шу көтерді.

 

Осы даудан кейін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөгіс алды, ал жезөкшелерге арналған нұсқаулықты оқушыларға таратып берген аурухана психологы жұмыстан кеткен болатын.

 

Сондай-ақ, бұған дейін Жетісу облысында үш оқушының жүкті болғаны туралы айтылған еді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста