Шымкентте мектеп есепшісі 67 млн теңгені қалтаға басқан

Шымкентте мектеп есепшісі 67 млн теңгені қалтаға басқан

Шымкентте №138 мектептің бас бухгалтері мемлекеттен бөлінген 67 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бұл соманы 3 жыл ішінде қалтасына басып, қажеттілігіне жаратып келген көрінеді. Бұл туралы қалалық антикор қызметкерлерінің мектеп директорлары және бухгалтерлерімен кездесуі кезінде айтылды.

 

Ведомствоның тергеу басқармасы басшысының орынбасары Олжас Тобашовтың айтуынша, мектептің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

 

«Тергеу барысында бас бухгалтердің қылмыстық құқық бұзушылық жасауына бірқатар жағдайлар ықпал еткені анықталды. №138 мектептің директоры электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦП)  қолдана алмаған және цифрлық жұмысты өз қызметкеріне тапсырған. Күдікті басшы тарапынан тиісті бақылау деңгейі жоқ екенін білген және мемлекеттік қаражатты өз қалауы бойынша қажеттіліктеріне жұмсаған»,- деді Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасы басшысының орынбасары  Олжас Тобашов.

 

Жыл басынан бері Шымкентте білім басқармасы мен осы саланың 13 лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Антикор қызметкерлері мұндай қылмыстарды болдырмау мақсатында мемлекеттік мекемелерге сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жемқорлық бойынша көш бастап отырған білім басқармасы да бұл тізімде бар. Сала мамандарының айтуынша, қаржылық ресурстардың артуынан мұндай қылмыстар өсіп отыр екен.

 

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Дәурен Ерғарин мектептерге бөлінген қаржылардың жымқырылу схемасын да атап өтті.

 

«Мектептер бастапқыда еңбекақы төлеу қорын қаржыландыруға бюджеттік өтінімдерді асыра бағалап, білім басқармаларына жіберіп келген. Іс жүзінде бұл әрекеттер мектептер мен тиісті басқарманың жауапты тұлғалары арасында сөз байласып жасалады. Содан бұл бюджеттік өтінімдер тиісті тексерусіз бекітіліп отырған. Ары қарай мектеп бухгалтерлері ЖСН мен қызметкерлердің карточкалық шоттарын қолмен түзетіп, содан кейін ақшаны қазынашылық базасы арқылы қажетті шоттарға аударып келген. Осылайша мемлекет қаржысы жымқырылған»,-деді Дәурен Ерғарин.

 

Кездесуде қаланың бас ұстазы білім саласы қызметкерлерінің мұндай қылмыстарға баруына қатысты пікірін де білдірді.

 

«Білім басқармасы қызметкерлері арасында осындай фактілердің анықталғаны, әрине, өкінішті. Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша көптеген іс-шаралар өткіздік және оның бәрі бекер сияқты. Білім басқармасы басшысының орынбасары және №96 мектептің директоры қылмыстық қудалауға ұшырады. Екі жыл бұрын №132 мектептің директоры жемқорлық фактісі бойынша күдікті болды. Өкінішке орай оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Әріптесіміз өз-өзіне қол салып көз жұмды. Өткен жылдың басында басқарманың бас маманы мен бухгалтері күдікке ілінді. Ал қазіргі таңда екі балабақшаның бухгалтерлері пара алды деп күдіктелуде. Жемқор адам өз әрекетін жасыруға қанша тырысса да, ерте ме, кеш пе бәрі анықталады»,-деді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

 

Айта кетсек, өткен жылы білім басқармасына 200 млрд теңге бөлінген. Қаланың бас ұстазы Жанат Тәжиева бұл қаржы педагогтардың еңбекақысына, материалды-техникалық базаны жақсартуға және коммуналдық қажеттіліктерге жұмсалған.

 

Антикор қызметкерлері енді ұстаздарды  жұмысқа орналастыру және аттестаттау жұмыстарының заңдылығын, сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру мен оқушылардың тегін тамақтануына жұмсалатын қаражаттың жұмсалуын тексермек.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста