ШҚО-да «Дипломмен ауылға» келген мұғалім қысым көріп жүр

Шығыс Қазақстан облысында "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы аудан орталығына барған жас маман жұмыс істемей-ақ жалақы алып жүр. Бородулиха ауданындағы мемлекеттік колледж қызметкерінің бұлай жүргеніне үш жылдай уақыт болыпты. Мұғалімнің өзі бұған мектеп директорының міндетін атқарушысын кінәлайды. Ал басшы болса берген жұмысты істемейді дейді.

Осылайша, ит пен мысықтың күйін кешкен ұстаздар арасындағы айғай өршіп, тіпті іс сотқа дейін жеткен. Өткен жылы колледж әкімшілігі жұмыстан шығасыз деп ескерту қағазын бергенде, жас маман амалсыз сот төрелігіне жүгіндім деп отыр.

- Мен Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетті тәмәмдап, осы Бородулиха колледжіне 2015 жылы келіп жұмысқа орналастым. Мемлекетіміздің жастарға жасап жатқан жақсылығы "Дипломмен ауылға" бағдарламасының игілігін көрейін деген мақсатым болды. Жұмыс істегім келді. Бірақ бұл арманым өкінішке қарай іске аспады. 2016 жылы қазіргі басшымыз Марат ӘБІЛОВ мырза келгелі көрген күнім күн болмады. Бір күні дипломың сәйкес келмейді деп, жұмыстан шығаратынын ескертті. Одан кейін үш айдан соң жұмыстан шығарып жіберді. Егер білімім бұл жұмысқа жарамаса мені бұған дейінгі басшы неге алды. Көңілімде күдік көп болған соң, алты айдан кейін сотқа жүгініп, соттың шешімімен жұмысыма қайтадан тұрдым. Енді істеп жатқаныма 3-4 ай уақыт болды. Маған моральдық қысым көрсетуде. Алдына қайткен күнде жұмыстан шығаруды мақсат етіп қойған адам секілді, – дейді, кәсіптік білім беру өндірісінің шебері Дамир ӨМІРХАНОВ.

Дамир жас маман ретінде жұмысқа алғаш келген кезде мемлекеттен көмек те алғанын айтты. Бір жолғы көтерме жәрдемақы ретінде 140 мың теңге берілген. Баспана алуы үшін 0,001 пайызбен 3 миллионнан астам теңге де төленген екен. Қазір сол несиеге алған үйінде жолдасы және екі баласымен бірге тұрып жатыр. Тек жұмыс мәселесінде туған қиындықтан қатты шаршағанына қынжылады.

Ал колледж директорының міндетін атқарушы болса, бірінші кезекте бұрынғы директор кінәлі дейді. Мамандығы сәйкеспейтін маманды жұмысқа алғанын айтып, ақталып әлек. Екінші, Дамир Өмірханов өзі жұмыс істемей қойды деген Марат Әбілов:

- Біздің мұғалімдердің барлығы жыл сайын облыстық білім басқармасынан аттестациядан өтеді. ДАМИР Өмірханов болса, сол сынақтан 2016 жылдан бері өтпеді. Өйткені құжаты сәйкес келмейді. Бұрын қалай жұмысқа қабылданғанын білмеймін. Басқармадан біздің мекемеге мамандығы сәйкес келмейді деген қағаз келген соң, алдыменен ескертіп, содан кейін жұмыстан шығардым. Бірақ қателік жіберген екенбіз. Өйткені арнайы заңгеріміз жоқ. Заңды дұрыс білмегендіктен, сотта жеңіліп қалдық. Біз оны алдыменен тарификациядан өткізіп алуымыз керек екен. Одан өтпегені туралы қағаз алу керек еді. Одан кейін аттестация өткізіп, одан кейін барып қана шығару керек болған екен. Біздің жұмысымыз керісінше болды. Сол құжаттардың жоқтығынан судья жұмысқа қайта қабылдансын деп, шешім шығарып берді. Сол шешім бойынша жұмысқа қабылданған. Бірақ жұмыс істемейді. Күнде таңертең келеді. Кешке кетеді. Бірақ ақша алып отыр.

Білім ордасының басшысы енді тек келесі оқу жылының басталғанын күтіп отыр. Жас маман сол уақыттағы аттестациядан өтсе жұмысын әрі қарай жалғастырады. Оған жеке топ та бермек екен. Алайда, қызметте қалған жағдайда жарамсыз дипломның мәселесі қалай болатынын тағы белгісіз. Ал аттестациядан өтпесе, «жұмыс орнымен хош айтысады», деп, колледж басшысы кесіп айтты. Бір қызығы олай болған жағдайда мемлекеттен төленген қыруар қаржының жайы қалай болатынын, облыстық білім басқармасы мен аудан әкімшілігі бір-біріне сілтеп, жарытымды жауап бермеді.

Қазынадан берілген қаражат

Жалпы, осы Бородулиха ауданында 2017 жылдан бері "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен келген жас мамандарға мемлекет қазынасынан 201 979 000 теңге төленіпті.

Мәселен, 2017 жылы келген 21 адам бір жолғы көтерме жәрдемақы ретінде 4 миллион 130 мың теңге алған. 25 адам 74 миллион 520 мың теңгені үй алу үшін алған. Ал 2018 жылы, 59 маманға 9 миллион 932 000 теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы ретінде беріліп, 17 адамға пәтер алу үшін 0,001 пайызбен 57 миллион 720 000 теңге берілген. Бұл пайыздық көрсеткіш бағдарлама арқылы келгендердің бәріне бірдей. 2019 жылы 15 маман 2 миллион 652 000 теңгені жаңағыдай жәрдемақы ретінде алып, он бесі де баспана алу үшін жеңілдетілген несие алған. Оған мемлекет қазынасынан 53 млн 025 000 теңге жұмсалыпты.

Қысым көрсету қаншалықты рас?

Студенттерге сабақ оқытудың орнына осылайша соттасумен жүрген жас маманның айтқан моральдық қысымы жайлы да жаза кетейік. Дамир Өмірхановтың білім ордасы басшылығының "артыма май шам алып түсті" деген сөзі қаншалықты рас екенін білмекке әркімді сөзге тарттық.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Людмила СКВОРЦОВА:

- Біз неге бір адамның ғана пікірмен санасуымыз керек. Осы жерде қаншама адам еңбек етіп жүр. Олар неге шағымданбайды. Бәрі жалған. Ұжымды бұлай дүрліктірмесін!

Бір адамның пікірі дегені, ашық айтқан жаңағы жас маман ғана болып отыр. Ал өзге жұмысшылардың арасында қорыққандарынан сыбырлап қана естіртіп: «колледжде толықтай тексеру жүргізілсе екен», – деген өтініштерін айтқандар да табылды. Айта кетейік, бұл білім ошағында 18 ұстаз 110 студентке білім береді.

zhasalash.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста