Шетелдік студенттер ҚазҰУ мұражайын аралады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (www.kaznu.kz) «Айналаңды нұрландыр» жобасы табысты жүзеге асуда. Жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде бұл жобаның үлесі зор.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Саяхат» атты өлкетану клубы ғылыми-танымдық іс-шарасын жүзеге асырды.

Клубтың ұйымдастыруымен кафедраның оқытушылары және әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттері Қа¬зақ¬станда және әлемдік деңгейде бәсекеге қабі¬летті, өз елінің мәдени-тарихи құндылықтарын бойына сіңірген, рухы мықты жанашыры – өнегелі мамандарын тәрбиелейтін университеттің ғылыми-ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бө¬лім¬¬шесі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына танысу мақсатында саяхат жасады.

Бұл жобаны жүзеге асырудағы кафедраның мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу, шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы мұражайы – университеттің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани - идеологиялық тәрбие беру орталығы. Мұражай - еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші.

Мұражай қызметкері университет мұражайы өз жұмысын 1989 жылдан бастағанын, 20 жылдан кейін ауқымды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жаңа мұражайды 2009 жылы 13 қазан айында университеттің 75-жылдық мерейтойы аясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың келу сапарына орай ашқанын сөз етті. Студенттерді 1000 кв. м. мұражайдың аумағында орналасқан Тарих галереясы, Даңқ залы, Университеттің тұрақты дамуы атты 3 залында университеттің құрылу тарихы 120 витриналарда жүйелі жинақталып, 5 мыңнан астам тарихи құнды және сирек кездесетін құжаттар мұражай экспонаттары ар¬қылы көрсетілгені туралы мәліметтермен таныстырды.

Шетелдік студенттер мұражай аясындағы "Даңқ залының" қабырғаларында - «Мемлекеттік сый¬лықтың лау¬реаттары», «Университет түлектері – біздің мақ¬¬та¬нышымыз» фотогалереяларымен бірге, атақты Нобель сыйлығының лауреаттарымен тол¬ты¬рылған университеттің «Құрметті профес¬сорлары мен докторлары» атты фотогалереяларын көріп, қызықтырған сұрақтарын да қойды.

Студенттер "Университеттің тұрақты дамуы" залының көрмесін аралап, факультеттердің, ғылыми-инновациялық зерттеу институт-тарының және орталықтардың бүгінгі тыныс-тіршіліктері мен жетіс¬тіктері, болашағы туралы мәліметтермен танысты. Ортада орнатылған заманауи білімнің әлемдік масштабын бейнелейтін «XXI ғасырдың Жершары» атты терең мағыналы композициялық қондырғыны тамашалады.

Мұражайда шетелдік студенттер универ¬ситетті классикалық білім беру орнынан инновациялық зерттеу университетіне айналдыру, әлемдегі дамыған жоғары оқу орындарының қатарына қосу және тұ¬рақты дамыту мақсатында пайда болған «Аl-Farabi university smart city» іргелі жобасы аясында ұйымдастырылған университеттің соңғы жылдардағы жеткен толағай жетістіктерін паш ететін 3D-технология форматындағы жасалған жаңа экспозицияларды көріп тамашалап, өз таңданыстарын да білдірді.

Заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту аясында ұлттық мəдениетпен, қасиетті рухани құндылықтармен таныстыру арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.

 


А.Е. Саденова., А.С. ҚазмағамбетоваӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ,Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста