"Сасып тұр". Мектептің ішіндегі ашық әжетхана депутатты шошытты

Бұл туралы облыстық мәслихат депутатты Бақыт Жаншаеваның instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған Экспресс К тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Алтықарасу ауылында даладағыдай ашық әжетхана мектептің ішінде орналасқан. Сондықтан білім ошағының ішін жағымсыз иіс жайлап алған.

 

Депутат Алтықарасудағы мектеп ішіндегі әжетхананы көріп шошыған. Оның қабылдауына келген мектеп мұғалімі Әлия Қарабалина білім ошағының ғимаратына күрделі жөндеу керек екенін айттыпты. Сонда ол мектеп ішіндегі әжетхананың да жағдайын жеткізген.

 

Қанша хлор сеуіп, ішін жуса да, иісін білесіздер ғой. 30 жыл бойы оқушылар осы мектепте оқып жатыр. Алғашқы жылдары гидрант болып, нәжісті сорып отырған. Соның өзінде ол иіс мәселесін шешпейді. Енді соңғы кездері гидрант істемей қалған, — деп жазды депутат.

 

 

© Бақыт ЖАНШАЕВА

 

Бақыт Жаншаева бұл мәселені облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханға айтқан.

 

"Жобалық сметалық құжатын жасатып жатырмыз. Ақша бөлінсе, жасаймыз" деді. Жоба жасап, ақша бөлінгенше тағы 2-3 жыл керек. Сонда мынадай заманда балалар сасықты иіскеп оқи берсін бе?! Оған дейін бірдеңе жасап, ең құрығанда ана әжетхананы дұрыстап беріңіздер, — дейді депутат.

 

Бақыт Жаншаеваның айтуынша, екі қабатты ғимараттың ішінде 100-ге жуық бала оқиды. Сондай-ақ бір жақ бөлігі — балабақша. Бұл жерде 50 бала тәрбиеленіп жатыр.

 

Аталған мәселе бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханға хабарластық. Оның айтуынша, мектеп сексенінші жылдары салынған. Ол уақытта ішінде дәретхана болмаған. Кейін даладағы дәретхананың сырты қоршалып, мектептің жапсарлас бөлігіне айналған.

 

Енді ішкі жұмыстары жасалады, яғни унитаз орнатылады. Бұл мәселе жаңа оқу жылына дейін шешімін табады, деп сендірді басқарма басшысы.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста