ҚазҰУ-жоғары білім беру жүйесінің көрсеткіші

ҚазҰУ-жоғары білім беру жүйесінің көрсеткіші

Мәдениетіміздің негізі – білім. Білім- тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.

Мақаланың басын  Халел Досмұхамедұлының білім жайлы ізгі ойларымен бастағанды жөн көрдім.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде әртүрлі жоғары оқу орындары жұмыс істейді.Әрбір жоғары оқу орнының өзіндік тарихы және жетістігі бар.

Мен тарихы тереңде жатқан қара шаңырақ ҚазҰУ жайлы қалам тербеп отырмын.

Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалаған. Сол кезден  бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркіне айналып үлгерді. Университет  дәстүрлердің, кәсіби  білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі.

Өзім филолог,шет тілі маманы болғандықтан әлқиссаны тілдер факультетінің ашылуынан бастап отырмын.

Тарихқа көз жүгіртсек,

  1937 жылдың қыркүйек айында  төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды.

Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды.

Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды.

Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді.

Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.

Айта берсек нағыз ғылымның ошағына айналған ортаның жетістігі ұшан теңіз.

ҚазҰУ «Қазіргі тіл білімі» мамандығы бойынша да үздіктер қатарынан табылып, әлемнің үздік ЖОО арасында 52-ші орынға ие болды. Университет келесі мамандықтар бойынша: «Ағылшын тілі мен әдебиетінен» – 101-150, «Лингвистика» және «Құқықтанудан» – 151-200 үздік топтарына, «Экономика және эконометрикадан» – 251-300, «Математикадан» – 301-350 және «Физика және астрономиядан» – 501-550 алдыңғы топтарына енді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық пәндік рейтингтерде де жоғарыда көрсетілген оқу бағдарламалары бойынша қазақстандық университеттер арасында жетекші орын алады. Оған ешкімнің таласы жоқ.

ҚазҰУ халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік университеттердің институционалдық рейтингінде де және пәндік рейтингте де табысқа жетіп, үнемі алға жылжып келеді.

Бұл дегеніміз үздіксіз еңбек пен нәтиженің арқасы.

Қанша жыл өтсе де университеттің биіктен көрінуіне, өрлеп дамуына аға буын да, жастар да  үлес қосуда.

Соның нәтижесі 2020 жылы QS World University Ranking әлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша жетекші қазақстандық университет (ҚазҰУ) әлемдегі ең үздік университеттер тізімінде 165 орынға ие болды.

Бұл топта ТМД елдерінен тек Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана бар.

Сондай-ақ ,бүгінгі күннің тағы бір жағымды жаңалығы-ҚазҰУ Webometrics Ranking of World Universities  рейтингінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлем бойынша 30  мыңнан астам жоғары оқу орындарының арасында 1816 -орынға жайғасты.Бұл рейтингте университетіміз Қазақстан ЖОО-лары арасында екінші орынды иеленіп,отандық университет сайттарының үздік үштігіне енді.

  Айтжанова Гүлнара Досхожақызы,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста