"Қазақтар үйінде зомби өсіріп жатыр": Танымал вайнер Мөлдір Анарбаева бала тәрбиесі, арасында "шықпыртып" алатыны туралы

Инстаграмда 300 мыңнан аса фолловері бар танымал блогер Мөлдір Анарбаевамен сұхбаттасудың реті түсті. Негізгі мамандығы журналист Мөлдір Анарбаева өзінің парақшасында бала тәрбиесі мен отбасы құндылықтары туралы жазбаларымен көпшілікке танымал. Инстаграмнан қанша табатыны туралы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айты.

- Инстаграмда образыңыз туралы айта кетсеңіз. Ашуланшақ, балалары мен күйеуін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтындай көрінесіз... Өмірдегі Мөлдір де сондай ма?

 
- Инстадағы образ бен шынайы Мөлдірдің соншалық айырмашылық бар деп ойламаймын. Оқырмандарым мені шынайылық үшін оқиды. Адамдар әдемі бояудан, әдемі торттан, әдемі гүлден, тек қана өзін керемет қылып көрсетуден жалыға бастаған. Қалай бар солай айту, қалай бар солай отыруды қалайтын болғандықтан және менен өзін көргендіктен оқырмандар тіркеледі. 

Өмірде айқайды салып, үйді басыма көтеріп отырмаймын. Ол да адамдарды өзіме қаратудың бір фишкасы ретінде қарау керек. Ашуланшақ емеспін, үнемі жайдары, көңілді, ашық отыратыным рас. Күйеуім де, өзім де - журналистпіз. Жұбайым мені ақыртып, бақыртып қойып, менің алақанымда отыратын жігіт емес. Менің инстадағы образыма, өзі де шығармашылық адам болған соң оң көзқараспен қарайды. Қазақи отбасымыз. Ер адамның орны әрқашан жоғары, қас-қабағына қарайтын, балаларымды дұрыс тәрбиелеуге бар күшімді салатын анамын.

- Ыңғайсыздау болса да сұрайын, өйткені көпшілікке қызық сұрақ. Инстаграм желісі сізге қанша табыс әкеледі?

- Әр кезде әртүрлі табамын. Барлық жарнаманы парақшама сала бермеймін. Бір компания айына 500 мың айлыққа жұмысқа шақырып отыр. Келіспедім. Жүгіріп маңдай теріңді төкпей-ақ жай ғана видео салу арқылы 500 мың алу бұл үлкен жалақы. Бірақ мен аудиториямды шаршатқым келмейді. Миллион берсе де келіспейтін жарнамалар бар. 5000 мың теңгеге де келісетін жарнамалар бар. Ал нақты қанша табатыным - құпия. 

- Видеоларды түсіруге идея қайдан келеді?

- Күнделікті өмірден аламын. Менің басымдағы мәселе бәрімізде де бар. Өмірде кездесетін жайттарды баз қалпында, боямасыз жеткізуге тырысамын.

- Сіздің түсірген видеоларыңызға жақындарыңыздың көзқарасы қандай?

- Баларларым әлі кішкентай, видеоларым жайлы ештеңе демейді. Енемде де қарсылық жоқ. Басында қайын ағамнан кішкене ыңғайсызданатын едім. Қазір вайнер келін деп әзілдеп қарайтын болды. Жалаңаштанып, ерсі қылық жасап жатқаным жоқ, үкіметке қарғыс айтып, ақша бер маған деп отырған жоқпын. Басында ұялатынмын, қазір оларда маған қолдау білдіріп, оң көзқараспен қарайды. 

- Мөлдір, инстаграмдағы көп тақырыпты қаузайсыз. Дегенмен көп постыңызда ауыл мен қаланың тіршілігін айтады екенсіз. Қазіргі қала өмірі мен ауыл тұрмысы туралы не айтасыз? Қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? 

- Ауылдан шықтық. Қалаға келіп қалалық болғымыз келетін ауылдықтармыз ғой негізінде. Ауыл ұнайды. Қалаға қанша келсек те ауылдың исі аңқып тұрады. Тіршілік қалада болған соң  ауылды аңсаймыз. Қалалықтар қатал, сәнқой болады. Ауылдықтар жуас, алдындағы малына жем-шөп түсіру алуды ойлайды. 

- Көп видеоларыңызда балаларыңызға айқайлап жатасыз. Балаларыңыздың психикасына әсер етеді, жасқаншақ болып қалады деп қорықпайсыз ба? Өздерінің ренжіп қалатын кездері болады ма?

- Баларым өз ойын еркін айта алады, жасқаншақ емес. Спорттан, білімнен, өнерден хабардар, өте белсенді. Бірақ ұрысатын кезде ұрысып, қағатын кезде қағып, еркелететін кезде еркелетіп аламыз. Қалада тұрса да ауылдың исі аңқып тұрады. Қазақтың сөз мәйегін теріп сөйлейтін балалар өсіп келе жатқанына қатты қуанамын. Менің "әй" дегенімнен жасқаншақ болып қалмайды. "Тәйт" дегенімнен жасқаншақ болса, өмірге бейім емес бала болып өседі. Менің дегенімнен ол қайта сабақ алсын. Ертең біреу "әй" дегенде талып қалмау үшін менің ойымша дәл солай өсірген дұрыс. Ол біздің тактика. "Әкең келе жатыр дегенде" қорқу керек. Бір айтқаннан ұғу керек. Әр нарседен нәтиже шығару керек, қазақи болуы керек. Ұлтты сүю керек, сол жолда барымызды аямаймыз.

Біздің үйде жасқаншақ бала жоқ. Тәртіпке бағынған құл болмайды. Психолгтар баланың бетінен қақпай өсіру керек деп айтып жатыр. Баланың бетінен қақпау дегені дұрыс, бірақ "тәйт" деп тыйып отырған дұрыс. Ата-бабамыз солай өсірген, одан ешқайсымыз жаман болған жоқпыз. Кей кезде қағып түсіретінім рас.

Бір сұхбатта солай айтқанымды баласын ұрады екен деп түсінді көпшілік. Дені сау адам, психологиялық ауытқушылығың жоқ болса, отбасылық зорлық-зомбылық жоқ, әке мен шеше әдемі үйлесімде өмір сүріп жатса, баланың көзін ойып, басын жарып, ұрып соқпайды. Кейде шектен шығып бара жатқанда, тәрбиеге көнбей кеткенде анада-санда "шықпыртып" алатыным рас. Бірақ мен оның көзін ойып, жарақат алатындай жасамаймын. 

- Cіздің ойыңызша бала тәрбиесінде не маңызды?

- Бала үйдегі жағдайды біліп, ақшаның қайдан келіп жатқанын ұғып, әке-шешені қандай мәселе алаңдатынын естіп өскені абзал. Қазіргі психологтар айтатын "бала өсіп келе жатқанда өйтпеу керек, хан сияқты қара, құл сияқты жұмса" деген бір де бір тәрбиені құп көрмеймін. Шынайылық керек. Ақша қайдан кеп жатыр, оны қалай жұмсап жатыр, әкем мен шешім не үшін ренжіп қалып отыр, неге екеуі қайтадан көңілді отыр - бәрін білуі керек. Баланы өмірге үйрететін отбасы. Оны көрсетпе, мұны білдірме, ананы жасыр, ананы айт, мынаны айтпа дегенге мен келіспеймін. Балаларыма берген тәрбиенің жемісін болашақта көреміз деген ойдамыз. 

Қоғамда қазақилық жоқ болып жатыр. Осы мен қынжылтады. Қазақы тәрбие, салт-дәстүр, ұғым жойлып бара жатқаны ашындырады. Осы жолда балаларымызға көп тәрбие беру керек. Қазақтың қонақжайлылығы мен ерекшелігін бойына сіңіріп өсірсек деймін. Қатты еуропаланып келе жатқан сияқтымыз. Кейбір жерге барсаң баласы орнынан тұрып сәлем де бермейді. Үйіне кімнің келіп жатқанын білмейді. Ұлтын, дінін білмейтіндерді көрген кезде жаның ауырады. Олар үйінде зомби өсіріп жатыр. Олар ұлттың тағдырын ойлайтын адамдар емес. 

Қазіргі біздің бала тәрбиесінен кішігірім жемісті көріп жатқан шығармыз, Әркім өзіне не керек екенін біледі. Ешкімді күштеп сабағыңа, сен үйірмеңе бар деп айқайлап жатпаймыз. Оқыса, үйренсе тек өзі үшін керек екенін біледі. Таңда мен ұйықтап жатқанда өздері киініп, керек жерге кетеді. Алдағы уақытта одан да үлкен жемісін жейміз деп ойлаймын. Бала инвестиция, ертең біз оның жемісін жеуіміз керек. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста