Президент Жолдауы талқыланды

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Президент Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы басым бағыттарды талқылауға арналған профессор-оқытушылар құрамының отырысы өтті.

Кафедра ұжымы Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған жаңа жолдауын жылы қабылдап, ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға куә болып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырып, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жолдауы туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген ұстаз мәртебесінің артуы, жалақының өсуі, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық секілді мәселелер қызу талқыланды.

Алдымен кафедра меңгерушісі А.Е. Саденова бұл жолдауда өткенді саралай отырып, болашаққа баянды істермен қадам басу керек екендігі нақты көрсетілгенін атап өтіп, ел дамуына ерекше серпін беретін бұл бағдарламалық құжаттың маңыздылығына тоқтала отырып, Жолдауда айтылған негізгі бағыттарды кеңінен түсіндірді.

Одан кейін Елбасының биылғы Жолдауын насихаттау бағытында аға оқытушы Т.В. Курманова баяндама жасады. Ол биылғы Жолдаудың ерекшелігіне тоқтала отырып, Жолдаудың негізгі бағыттары бұған дейін Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруға бағытталғанын, сонымен қатар, білім беру сапасын жақсартуға аса мән берілгенін, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін айтып, Президенттің білім беру сапасын жақсартуға жете мән беруі жөнінде атай отырып, осы жолдаудағы міндеттерді орындау ҚР-ның экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізетінін жеткізді.

Бұдан бөлек, жиын барысында сөз сөйлеушілер жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды, сондай-ақ, оның қарапайым халық үшін тиімді жақтарына тоқтала отырып, Президент Жолдауында айтылып кеткен міндеттер мен мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыру, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктеу екенін де сөзге тиек етті.

Шара соңында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатыны жайлы, Президенттің Жолдауында еліміздің азаматтарына ой саларлықтай біраз ойлар айтылғаны туралы өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Президент Жолдауын насихаттап, білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсететінін жеткізді. Кафедра ұжымы Президентіміздің Жолдауына қолдау білдіріп, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына сенім білдіріп, Президентіміздің бастамалары мен идеяларын қолдайтынын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатынын жеткізді.

Саденова А.Е., Курманова Т.В.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасы

 

 

 

 

 


Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста