Өзбекәлі Жәнібек оқулары - 2015

Кеше 4-наурыз күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК ОҚУЛАРЫ 2015» атты VI республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнолог-ғалым Өзбекәлі Жәнібековке арналған конференцияны Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, профессор Талжан Пердешұлы Раимбердиев ашып, 6-шы рет өтіп жатқан маңызды конференцияның қатысушыларына сәттілік тіледі: «Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау университетімізде басталып кетті. Жуырда тұңғыш рет оқу ордамыз бастап, Ахмет Ясауи университеті жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Халықаралық Түркі Академиясы (ІТА) бірлесіп «Қазақ хандығы және Қазақстан: идеялар мен ғасырлар жалғастығы» атты халықаралық конференция өткізген болатын. Конференцияда қазақ хандығы және түркі тарихының келелі мәселелері талқыланып, келешек ғылыми жобаларға қатысты ортақ жоспарлар жасалып, қазіргі Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуындағы Қазақ хандығының тарихи роліне назар аударылған болатын» - деп, университет ректоры, профессор У.Әбдібековтің «тарих ғылымының төріне жетулеріңізге тілектеспін» деген сәлемдемесін жеткізді.
«Тарих» кафедрасының доценті Тұрсын Хазретәлі Маханов конференцияға модераторлық жасады. Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша ұйымдастырылды:
• Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы;
• Тарих және этнология;
• Археология және мұражайтану;
• Филология;
• Философия және мәдениеттану.
• Педагогика және психология;
• Жоғары білім берудегі инновациялық технологиялар;
• Әнші-сазгер Сауран Елеуов 60 жаста.
Пленарлық мәжілісте профессор ғалымдардың тұшымды, құнды деректері, ғылыми пікірлері тыңдалды. Мысалы, «Тарих» кафедрасының доценті Жандарбек Зікірия Заманханұлының «Қазақ хандығындағы діни-идеологиялық күрес», «Тарих» кафедрасының профессоры Мұхтар Қожаның «Қазақ хандары жайлы деректер», «Тарих» кафедрасының доценті Мағрипа Жолсеитованың «Арынғазы хан Әбілғазыұлы – мемлекеттік қайраткер», «Қаржы» кафедрасының профессоры, э.ғ.д., Мырзалиев Бораш Смайлұлының «Түркістан қаласын индустриалды-инновациялық негізде дамытудың экономикалық тетіктері», т.б., маңызы зор баяндамалар тарихымыздан сыр шертіп, тарихи қазынасы терең мемлекет екендігімізді жақсы жеткізе білді.
Сондай-ақ, арнайы шақырылған қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің қарындасы, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Этнопедагогикалық колледж» директоры Айғаным Серім ханым конференцияны ұйымдастырғаны үшін университет, факультет басшыларына алғысын білдірді.
Сонымен қатар университет вице-президенті Т.Пердешұлы келер жылы қайраткердің 85 жылдық мерейтойына орай, конференцияны халықаралық деңгейде өткізуді ұсынды.     
Конференцияға қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, ғылыми мақалалардың 2 томдық жинағы таратылды. Конференция жинағының жауапты редакторы Т.Хазретәлі жинақта университеттің және республикадағы басқа да оқу орындарының ғалымдары мен докторант, магистранттардың 120-дан астам мақалалары жарық көргендігін айтты.
Конференция қонақтары ХҚТУ «Ғылыми кітапхана» ұжымы ұйымдастырған, кітап, журнал, баспасөз материалдарынан топтастырылған «Қазақ хандығына 550 жыл» атты кітап көрмесімен танысты. (Суретті түсірген О.Назаров).

Асқат Сәдібеков,

университет баспасөз хатшысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста