Өрмекші-адам, Шректен басқа жаңа жылдық костюм жоқ па?

Өрмекші-адам, Шректен басқа жаңа жылдық костюм жоқ па?

Жаңа жыл жақындағанда бала атаулы шыршаға киетін костюм іздеп сабылады. Біз де көптің бірі болып қаламыздағы сауда үйлеріндегі киімдерді жалға беретін дүңгіршекке бардық. Киім аз, бала көп. Костюмдерге сұраныс керемет екен.
Шамамен 12 жастардағы қазақ баласы шешендердің ұлттық киімін өлшеп, айнадан өз-өзіне сынай қарайды.
Әдемі емес пе, балам? Осыны ала салайық! – дейді шаруасына асығып тұрған анасы.
Алмаймын! Қазақтың табиғатына жақындығы жоқ екен! – деп костюмді тастай салды байсалды кейіптегі бала. Ересектерше сөйлеген қылығына бір күліп алсам да, баланың ұлтжандылығына ризамын. Қазақ халқына жақын, өзіне жарасымды бір бейнеде болғысы келгені ғой.
Өй, мынаның қазағы несі, ей? Қайдағы қазақ? Бұл жаңа жыл мерекесі емес пе? Ешқайда баратын уақыт жоқ! Өзім қатты ыстықтап кеттім! – деп жатыр анасы ызалы үнмен.
Бала асықпай, тағы бір костюмді киіп көрді. Анасы үгіттеп әлек.
Қарашы, жарасып тұр емес пе?! Осыны алайық, ә?!
Ол кісінің көзқарас, талғамы, асығып тұрғаны баланың қаперіне кіріп-шығар емес.
Керек емес! Мұны киіп балаларға күлкі болар жайым жоқ! – деп, анасын одан сайын ашуландырды бала.
Оның бұлай дейтін жөні бар. Өйткені бағасы қымбат болғанына қарамастан, костюмдердің 90 пайызы әдемі емес, көз тартпайды. Және көпшілігі қазіргі қорқынышты мультфильмдердегі Өрмекші-адам, Шрек, тағы тасқа бейнелер. Биыл ортаңқол костюмдерді жалға алу бағасы 1500-2000 теңгеден болды. Жақсы деген костюмдерді жалға алу 3000 теңгені құрады. Одан да әдемісі 5000 теңгеге бағаланды.
Шынын айту керек, қып-қызыл ақшаға келген киімдердің көбі шырша мерекесінде құлпырып, көз жауын аларлық жағдайда болмады. Өйткені таңдау аз. Саудагерлер жаман-жұманмен елді алдаусыратып, ақша тауып жатты. Соны көріп, «бизнес ашуға құмар адамдар жаңажылдық мерекеде костюмдерді көп қылып тігіп, сатса немесе жалға берсе, пайдаға кенелер еді әрі балалар да таңдағанын алып мәз болатын еді» деген ойда болдық.
Алдағы уақытта осыны ескеріп, Қобыланды, Алпамыс батырлардың, Күн астындағы Күнікей қыз, Толағай, басқа да да қазақтың ұғымына лайықты кейіпкерлерді көз алдыңа әкелетін жалт-жұлт еткен костюмдерді ұсынар адам табылып жатса, жоғымыз бір түгенделіп қалмай ма!

Ж.Көпеева

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста