Неге ұлдар қыздарға қарағанда төмен бағаланады? – зерттеу

Неге ұлдар қыздарға қарағанда төмен бағаланады? – зерттеу

Барлық топта, барлық салада ұлдар қыздарға қарағанда қалып қойып жатады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Неге?

 

«ЕЭЫДҰ елдерінде қыздар ұлдарға қарағанда бір жылға алда дамып отырады. Әсіресе, есепке келген кезде ұлдар қыздардың алдына түсе алмайды. Ұлдар қыздарға қарағанда мектептің барлық үш негізгі: математика, оқу және жаратылыстану пәндерінде 50 пайызға үлгермейді» деп жазды Ричард Ривз өзінің «Заманауи еркектер не үшін күреседі?» деген кітабында.

 

Брукингс институтының 2018 жылғы есебіне сәйкес, америкалық қыздардың шамамен 88%-ы орта мектепті уақытында бітіреді, ал ұлдардың – 82%-ы. 2020 жылы колледж студенттерінің оннан алтауы қыздар болған. Кампуста болғаннан кейін олар топтастырылған, бакалавр, магистр және доктор дәрежелерін ала отырып, оқуын жоғары қарқынмен аяқтайды. АҚШ-тағы колледждердегі студенттер санының төмендеуі көрсеткендей, ерлер 71%-ды құрап, гендерлік теңсіздік күшейе түскен.

 

Бұл қарқын алып бара жатқан білімдегі алшақтық себептері белсенді түрде талқыланады.

 

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілер — Израиль мен Швециядан, Франция мен Чехияға дейін – мұғалімдердің бағалау мінез-құлқын зерттегенде, тәрбиешілерді гипотетикалық оқушылардың бірдей жұмысын бағалауға, тек оқушылардың жынысын өзгертуге немесе «бірдей сауатты» ер адамдар алған бағаларды салыстыруға мәжбүр еткен. Олар зерттеу кезінде қыздардың ұлдарға қарағанда үнемі жоғары баға алатынын анықтаған.

 

Бұл зерделеуіміз нақты болу үшін жақында ғана Италияда жүргізілген зерттеуге назар аударайық. Онда 10-сыныпта оқитын 39 000 оқушы қатысқан.

 

Тренто университетінің Әлеуметтану және әлеуметтік зерттеу факультетінің қызметкерлері әрі зерттеу жұмыстарының авторы: Илария Лиевори мен Морис Тривенти өздерінің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде қызық деректерге тап болған.

 

Италия мектептерінде оқушыларды бағалау жүйесі он деген балдық есеппен алынады. Алты балл – шектік көрсеткіш.

 

Математикадан тест тапсырған оқушылардың ішінде қыздар ұлдарға қарағанда 0,4 балға жоғары көрсеткіш көрсетсе, тілден 0,3 балға жоғары болған.

 

Зерттеушілер, бұдан бөлек, оқытушылар туралы деректер мен сынып ішіндегі жағдайды да есепке алған. Олар оқытушылардың жынысы мен сынып ішіндегі жағдайдың оқушы бағасына қаншалықты әсер ететінін де қарастырған. Дегенмен зерттеушілер тобы ер мұғалімдерді ұлдарға жұмсақ болатыны немесе сыныптағы аз оқушының бағаға әсер ететіні туралы ешқандай негіз таба алмаған.

 

Міне, сондықтан зерттеушілер бағаға қатысты бұзылған балансты табуға тырысады.

 

Мұғалімдердің бейімділігі

 

«Мектеп және сыныптағы орта қыздардың дәстүрлі түрдегі өздерін ұстауларына қарай адаптация жасалған. Яғни, қыздар (жынысы әйел) сабақ барысында шынайы түрде академиялық үлгерімнен тыс әрекеттерге барады. Атап айтқанда: нақтылық, жүйелі тәртіп, қарапайымдылық пен тыныштық сақтау секілді қасиеттер. Міне, дәл осы характерлер, оқытушы көзімен алғанда, баға қоярда жоғары бағалануы мүмкін», – дейді.

 

Нақты көз жеткізген факт сол, оқытушылар да басқа адамдар секілді бейсаналы түрде өздерінің профессионалды қабілеттерінің сыртындағы қасиеттер арқылы да бағалап жібереді. Зерттеу кезінде өзін аноним қалдырған оқытушы мынандай бір нәрсені байқаған: оқытушылардың көңіл-күйі баға қоюға тікелей әсер етеді. Егер сыныптағы оқушы өзін тыныш әрі тәртіпті ұстаса, міндетті түрде оның бағасы жоғары болады-мыс.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста