NASA мұхит түбінің құпиясын зерттеуді көздеп отыр

NASA мұхиттардың аз зерттелген, құпияға толы тереңдіктерін зерттеуді қолға алмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ВВС- ге сілтеме жасап.
Айта кетер болсақ, Дүниежүзілік мұхит жер бетінің 70%-дан астамын алып жатыр және ғалымдардың айтуынша, 80%-ы зерттелмеген. АҚШ ғарыш агенттігі бұл бағытта екі мәселеге баса назар аударуды көздеп отыр. Басқа ғаламшарларда бар мұхиттардың табиғатын түсіну және экстремалды жағдайларда жұмыс істеу технологияларын әзірлеу. Әрине, бұл тосын оқиғалар мен қауіптерге толы. Мұхиттың тереңдігі мен ғарыш кеңістігінде ортақ нәрсе бар. Ол мұхит түбі мен күн жүйесіндегі кейбір планеталарда кездесетін ұқсастықтар. Бес шақырымнан астам тереңдіктегі мұхит қол жетпейтін тұңғиық болып саналады. Дүниежүзілік мұхиттың максималды тереңдігі 11022. Бұл жер 1951 жылы оны ашқан британдық зерттеу кемесі құрметіне «Челленджер тереңдігі» деп те аталады. Әзірге мұндай тереңдікке сүңгуге қабілетті құрылғылар санаулы ғана болып отыр.
ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста