«Мұғалімдерге өктемдік көрсеткен ата-аналар, басшылар жазаланады» – Асхат Аймағамбетов

Ата-аналар мен мектеп басшылығы мұғалімдердің құқығын бұзғаны үшін жазаланды, – деп жазады Tengrinews.kz.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» құжаттың маңыздылығы – педагогты міндетіне жатпайтын функцияларға тартудан қорғау, орынсыз есеп-қисаптан босату қажет екенін айтты. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, өкінішке қарай, ережелерді бұзу фактілері әлі де бар. «Осыдан бірнеше апта бұрын Ленгір мектеп-интернатында әкімшілік іс қозғалды, онда педагогтерді лауазымдық міндеттеріне кірмейтін жұмыстарға тартқан. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті оқиға орнына барып, қызметтік тексеру жүргізді. Фактілер расталды және мектеп директорының міндетін атқарушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаңа оқу жылында 3,3 млн оқушы мектепке барады Қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25% өседі Мектеп оқушыларына қосымша 250 мың компьютер таратылады Бұған дейін Түркістан облысы Кентау қаласындағы Молда Мұса атындағы мектепте де қызметтік тексеру жүргізілді. Онда мұғалімді мектепті жөндеу жұмыстарына тартқан. Аталған факті тексеру барысында расталды. Мектеп директорының міндетін атқарушы да, Кентау қалалық білім бөлімінің қызметкері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы осы қысқа уақыттың өзінде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүзден астам өтініш келіп түсті. Нәтижесінде, лауазымды тұлғаларға да, білім алушылардың ата-аналарына да қатысты 30-дан астам әкімшілік жаза қолданылды», – деп жазды министр. Аймағамбетовтың айтуынша, заңсыздыққа жол берген жауапты тұлғаларға қатысты шаралар мұнымен шектелмейді. Әкімшілік жазадан бөлек, жұмыстан босату туралы шешімдер де қабылданады. Ол мұғалімдердің құқығын қорғау – жергілікті аумақтық орган басшыларының да, мектеп директорларының да тікелей міндеті екенін еске салды. «Педагогтердің құқықтарын қорғау туралы айтқанда, мұғалімдер өз міндеттерін адал орындау туралы да есте сақтауы қажет. Өйткені жаңа заңның талаптары да жаңа. Педагогикалық қызметпен айналысатын әрбір жан жас ұрпаққа үлгі болып, өз жұмысында адамгершілік қағидалары мен моральдық құндылықтарды басшылыққа алуы тиіс. Мінез-құлық мәдениеті, әдептілік, адалдық, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – педагогикалық этиканың негізі. Осы қағидалардың сақталуын бақылау үшін біз мұғалімдерге қатысты құқықбұзушылықтар мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу туралы даулы мәселелерді қарастыратын арнайы алқалы орган құруды қарастырудамыз», – деді министр. Бұл – педагогикалық этика және мұғалімдердің құқықын қорғау жөніндегі кеңес. Мұндай институт алғаш рет пилоттық режимде осы жылдың тамыз айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеуді бастаған. «Болашақта этика бойынша Кеңестер еліміздің барлық аймағында құрыла алады. Олар білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері жанында жұмыс істейтін болады. Барлығымыз мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп жөніндегі кеңесінің тиімді жұмысының куәсі болдық. Біздің жаңадан құрылған Кеңестеріміздің қызметі соның үлгісі бойынша ұйымдастырылады. Мұның бәрі – үлкен бастама: әр мұғалім өзінің мәртебесін мақтан тұтуы керек. Ыңғайлы жағдайда жұмыс істеп, сапалы білім беруі керек. Өйткені біздің балаларымыздың әл-ауқаты мен білімі ұстаздардың қолында», – деді Асхат Аймағамбетов.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста