Моңғолияда қазақ мектептерінде сабақ мұңғыл тілінде оқытыла бастады

Моңғолияда қазақ мектептерінде сабақ мұңғыл тілінде оқытыла бастады

Моңғолиядағы 21 аймақтың ішінде тұрғындарының саны бойынша 7-орын алатын Бай-Өлке (Баян-Өлгий) халқының 93 пайызын қазақтар құрайды. Оның үштен бірінен астамы Өлгий қаласында тұрады. Биылға жылға дейін аймақтағы 43 мектептің тек біреуі ғана мұңғыл мектебі болатын. Оның өзі Өлгий қаласында орналасқан. Біз осы мектепте бірнеше жылдан бері мұңғыл тілінен дәріс беретін Бақытгүл Жанарбекқызын әңгіме тартқан едік.
– Бақытгүл, Моңғол елінің жалпы білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі қандай?
– Моңғолияның 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкеніне 5 жылдың жүзі боп қалды. Келесі жылы мұнда сынақ ретінде қабылданғандардың алғашқы легі мектеп бітіреді. Алдымен 12 жылдық білім беру жүйесінің бағдарламасы жазылып, бәрі рет-ретімен жүзеге асты. Мәселен алғашқы жылдары оқушыларды 5-інші сыныптан кейін бірден 7-інші сыныпқа аттататынбыз. Биылдан бастап енді олар енді аттамай толық 12 жыл оқи бастайды. Бұрын жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары оқулықтарын өздері сатып алатын. Қазір бәрін мектеп береді және оқулықтардың бәрі де жеткілікті.
– Оқушылар мен мұғалімдердің жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады?
– Бізде лагерлер биылдан бастап жекеменшік боп кетті. Онда демалу ақысы 1 балаға 7 күнге 105 мың төрөгті құрайды. Онда Сагсайдағы жазғы лагерде биыл өзім де істеп келдім. Жалып бізде демалыс орындары мұғалімдер үшін де ақылы.
– Мұғалімдердің білімін жетілдіру ісі жолға қойылған ба?
– Әрине бізде де түрлі білім жетілдіру орындары бар. Онда біліктілігімізді жетілдірген сайын айлығымызға үстеме қосылады.
– Үздік мұғалімдерге үкімет тарапынан үй, көлік деген сияқты бағалы сыйлықтар жасала ма?
– Зейнетке шыққан түрлі сый-сияпат жасайды. Ал қызмет істеп жүріп үй, көлік деген сияқты бағалы сыйлық алғандарды өз басым көргем жоқ.
– Өзіңіз мұғалім болып жұмыс жасайтын мұңғыл тілінде білім беретін сұмындық №2 орта мектепте қазақ балалары да оқи ма? Олардың білім деңгейі қандай?
–Қазір бізде жаңа мектеп салынып жатыр. Бұрын біздің мектепте 1 мыңнан астам оқушы оқитын. Биылғы жылы олардың саны тағы да біршама өсіп отыр. Қазір бір класта 30-35 баладан оқиды. Әрқайсысында а, б, в, г, ж, з секілді бірнеше клас бар. Бұған биылдан бастап Баян-Өлгийдегі барлық мектепте сабақ мұңғыл тілінде жүргізіле бастауы да өз әсерін тигізіп отыр деп ойлаймын. Бұрын қазақ мектептерінде 2-сыныптан кейін ғана мұңғыл тілінде оқытылатын. Қазақ оқушылары бұрын да аз емес еді, қазір олардың үлесі 70 пайызға дейін жетті. Олардың үлгерімі өте жақсы. Мұғалім боп жүргеніме 6 жылдан асты. Оны 100 демесем де, 70-80 пайыз деп толық сеніммен айта алам.
– Мектеп бітірушілері арасында жоғары білім алушылар көп пе?
– Өлгийде орта деңгейдегі арнайы колледждер бар, бірақ мектеп бітірушілердің басым көпшілігі таңдаған мамандығы бойынша Моңғолияның және Қазақстан, Ресей, Түркия сияқты алыс-жақын шет елдердің жоғары оқу орындарына түседі. Осының өзі-ақ көп нәрсені аңғартса керек.
– Оқушының білім деңгейі, ең алдымен мұғалімдерге байланысты екенін жақсы білесіз. Бай-Өлкедегі білім беру мекемелері қызметкерлерінің жай-күйі қалай?
–Мұғалімдердің айлығы жақсы. Мемлекеттік мектепте тұрақты жұмыс жасайтындардың айлық жалақысы 500-800 мың төгрөг аралағында (10 мұңғыл төгрөгінің айырбас бағамы Қазақстанның 1 теңгесімен шамалас). Келсімшарт бойынша күніне 1-2 сағатпен істейтіндер 300-400 мың төгрөг алады. Ал жекеменшік мектепте істеп көрмегендіктен, онда істейтіндер қанша алатынын білмеймін.
– Жекеменшік мектептер көп пе?
– Жоқ, санаулы ғана. Мәселен жаңадан ашылған Сайран қажының Зәйтүн мектебінде оқушылардың жылдық оқу ағысы 200 мың төгрөгті құрайды. Онда бастауыш сыныптан бастап ағылшын, жапон, түрік сияқты шет тілдері оқытылады. Сол сияқты оқушыларды 9-сыныптан кейін қабылдайтын «Дарын» деген тағы бір мектеп бар. Онда оқитындар өздерінің таңдаған мамандығына байланысты дайындалады.
– Әңгімеңізге рахмет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста