Мерейтойға орай - «Ашық есік күні»

Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуда және білімділікке ұмтылдыруда шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік жастарға ғылым, білім беру және тәрбиелеудегі орны ерекше. Бұл кафедра әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде шетелдік жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихында 1985 жылдан бастап бүгінге дейін 35 жыл бойы кафедра ұстаздары Әлемнің Германия, Испания, Италия, АҚШ, Швейцария, Дания, Франция, Жапония, Қытай, Корея, Ауғанстан, Вьетнам және басқа да елдерінен жер жүзінің әр түкпірінен жүздері, тілдері басқа болғанымен білім мен өнерге құштар, тілектері бір шетелдік түлектер легін білікті де, білімді етіп дайындап, қолынан түлетіп ұшырып келеді. Осыдан 35 жыл бұрын бой көтеріп, білім әлемінде желкен керіп келе жатқан біздің кафедрамыз бүгінгі күні университеттегі бірден бір шетелдік жастардың басын қосатын, халықтың рухани жан дүниесін байытуға өз үлесін тигізетін, білім алғысы келетін әрбір шетелдік азаматқа өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, бағыт-бағдар беруші руханият мекені әрі университетіміздегі тамыры бекіген ең беделді кафедраның бірі.

 

 

 

Шетелдік студенттерді қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандырып, тілді биік дәрежеде үйретіп, әр жастың жүрек қалауын терең зерделеп, оқуға деген қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың таным көкжиектерін кеңейту бағытында үлес қосып келе жатқан кафедраның педагогикалық қабілеттіліктері жоғары және ұстаздық өрелері биік ұстаздар еңбегін елге таныту мақсатында кафедраның 35 жылдық мерейтойына орай тілдер және мәдениет фестивалі аясында «Ашық есік күні» онлайн түрінде халықаралық деңгейде өтті.

 

Іс-шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін шетелдік азаматтар және әр елдің консулдығы мен білім-мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері, шетелдегі жоғары оқу орындарынан қонақтар қатысты.

 

 

Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми базасы дамып, көптеген шетелдік азаматтардың білімін көтеріп, қияға самғатты. Бұл ашық есік күні кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді. 

 

 

Бұл іс-шараны университетіміздің Бірінші проректоры Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы салтанатты түрде ашып, қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы, осында білім алу келешегі туралы және факультет, кафедра тарихынан сөз қозғай отырып, күні бүгінге дейінгі жетістіктерін айтып, кафедраның қазіргі таңдағы орны мен маңыздылығына тоқталып өтті. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі А.Е. Саденова ашық есік күніне арналған кіріспе сөз сөйлеп, кафедра туралы, оқу үдерісін, студенттік өмірді ұйымдастыру жайында сөзге тиек етті.

 

 

Ашық есік күнінің өтуіне орай кафедраның 35 жылдық мерейтойымен Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Ми Гуйсюн, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы департамент директоры Есимова Жұлдыз Дәпенқызы, Алматыдағы Түркмен орталығының директоры Аннакулиева Гүлнар Атайқызы құттықтау сөз сөйледі. 

 

 

 

Шара барысында өткен жылдарда факультетте оқып кеткен түлектеріміз Индиялық Дивакар Сингх Гурджар, Италиялық Куаглия Дарио және Қытай Халық Республикасынан Алмас Надия тарапынан шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары атына жылы лебіздер мен алғыстар айтылды. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінен және Ресей консулдығынан А. Решетникова мен Е. Осипова өз құттықтауларын жеткізді.

 

 

Кафедраның 35 жылдық мерейтойына арналып, тілдер және мәдениет фестиваліне орай «Ашық есік күні» концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламаға Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Италия, Испания, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін онлайн оқып жатқан шетелдік студенттер қатысып, ән орындап, өз тілдерінде атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді. Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.

 

 

Бұл шетелдік студенттердің рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы әрі маңызды іс-шара болды.

 

 

 

А.Е. Саденова 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста