Мемлекеттік рәміздер – ел беделі

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміз бойынша елімізді тануға және оны бүкіл әлемге танытуға болады, өйткені онда халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойынатап өту қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деңгейінде арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел «Мемлекеттік рәміздер – ел беделі» атты тақырыпта өтті.
Дөңгелек үстелге шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Испания, Италия, Жапония және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер белсенді қатысты.
Бұл шараның басты мақсаты – шетелдік жастардың еліміздің тәуелсіздігінің айғағы - Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту,саяси маңызын ұғындыру жәненасихаттау, тарихын білуге, рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Шара шымылдығы мемлекеттік Әнұранның орындалуымен ашылды.


«Еліміздің өз алдына дербес мемлекет екенін айғақтайтын, қазақ халқының дарқандығы мен кеңдігін бейнелейтін төл нышандарды құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, жоғары азаматтығымыздың көрінісі. Бір шаңырақ астында, ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт пен ұлысты біріктіруде де мемлекеттік рәміздердің үлесі ерекше», - дей отырып, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы Х.С. Қасқабасова сөз алып, рәміздердің мән-мазмұнына тоқталып, баяндама жасады. Осы кафедраның профессоры Г.Е. Утебалиева «Әр қазақстандық Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын білуі шарт. Өйткені, Ту, Елтаңба мен Әнұран – ұлттық сезімнің, ар-намыстың, асқақ мұраттың киелі белгісі, бойтұмары. Мемлекеттік Әнұранның орындалуы, Көк байрақтың көтерілуі елге, жерге, Отанға деген өзгеше сүйіспеншілік пен сағынышты оятады, патриоттық сезімді нығайтады», – деді. Доцент Р.М. Есбулатова «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты» рәміздердің ерекшеліктері жөнінде кеңінен баяндай келе, «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – баршаның парызы», – деген ол Әнұранның шырқалу ережесі жөнінде де арнайы баптарға сүйеніп, кеңінен түсіндірді. Рәміздердің тарихына, әр мемлекеттік нақышқа жеке тоқталып, олардың авторлары жайында кеңінен мағлұмат берді. Республика Туының түсі мен барлық бейнелерінің мағынасы, Елтаңбаның негізгі идеясы туралы айтып өтті.


Кафедра оқытушылары мемлекеттік рәміздерге байланысты дайындаған баяндамаларын оқығаннан кейін тыңдаушыларға осы тақырыпта бейнефильмдер көрсетілді. Шара кезінде шетелдікстуденттер өздерін қызықтыратын әрітолғандырғансұрақтарын қойып, оларға толық жауап алып,еркін пікір алмасты. Сондай-ақ, факультетте осы тақырыпқа арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге еліміздің символына айналған рәміздер қойылып, олардың шығу тарихы туралы мәліметтер ілінді. Тыңдаушылар мен оқытушылар ел құндылықтарын қолдарымен ұстап көріп, ойларымен бөлісіп, естелік суретке түсті.
«Мемлекеттік рәміздер – ел беделі» атты дөңгелек үстел ғылыми-рухани тұрғыда шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен мәдени диалог түрінде жоғары деңгейде өтті.

А.Е. Саденова., Р.М. Есбулатова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста