Мектептерде математика пәні оқушыларды топқа бөліп оқытылады - министр

Мектептерде математика пәні оқушыларды екі топқа бөліп оқытылмақ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлайды bilim-all.kz.

 

«Мемлекет басшысы техникалық мамандарды дайындау бойынша тапсырма берді. Осы тапсырманы орындауға математикалық білімді дамыту өз септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан біз біріншіден, матаматиканы мектептерде топқа бөліп оқыту мәселесін қарастырып, ұсынып, оны енгізуге дайындалып жатырмыз. Екіншіден, технология, еңбекке баулу мәселесі де өте маңызды. Сол себепті бұл пәнді де бөліп оқыту керек. Кезінде солай болған. Енді сол тәртіпке қайтып келуіміз қажет», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

 

Министрдің дерегінше, биыл 200 мектеп салынып, 2 мың пәндік кабинет сатып алынады. 300 балабақша ашылады.

 

«Білім беру статистикасын ашамыз. Бізде Ұлттық білім беру деректер базасы деген бар. Жеке деректерден басқа барлық деректерді ашуымыз керек. Әрине, статистиканы ашқанда да ол кезең-кезеңмен істелетін жұмыс. Дегенмен, бұл статистика барлық қоғамға ашық, түсінікті болуы керек. Қоғамның бақылауы болуы қажет», - деді ол.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста