Мектеп қызметкері оқушылардың алдында стриптиз билеген (ВИДЕО)

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Әймен ауылында мектеп қызметкері оқушылардың алдында стриптиз биледі. Сол үшін мектеп директоры қызметінен қуылған, деп жазды turkystan.kz.

 

«Бұл жағдай 28 желтоқсан күні мектептің ауласында болған. Мұғалім 2-сыныптың оқушыларын аулаға шығарады. Сол жерге ата-аналар да жиналған. Балаларды қар үстіне отырғызып қойып, ата-аналар «мұғалімдеріңе сюрприз жасаймыз» дейді. Содан кейін Аяз ата болып киініп келген ер адам сынып жетекшісіне ішінде шампаны бар сыйлық береді. Сөйтіп, ол шапанын шешіп тастап, ұятсыз музыкамен балалардың көзінше стриптиз билеген. Ол биді көргеннің өзі ұят. Оған сынып жетекшісі де бірге қосылып биледі», – деді мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Мақташ Хамитова.

 

 

Оқушылардың көз алдында болған бұл жағдайдан кейін ұстаздар да, мектеп директоры Мақсат Жайлыбай да сынның астында қалған еді. Аудандық білім бөлімі сынып жетекшісімен бірге директорды да орнынан алып тастағанымен, кейін бастауыш сыныптың мұғалімі орнына қайта келген. Білім бөлімінің мәліметінше, Том Джонстың орындауындағы атақты Sex bomb әніне билеген адам мектептің концерттік іс-шарасына жауапты азамат болған.

 

400-ге жуық бала білім алатын мектепке жаңа директор әлі күнге дейін тағайындалмаған. Сол оқиғадан кейін арада бір ай өтсе де, жергілікті халық бас ұстазды қайтару акциясын әлі жалғастырып келеді.

 

«Директордың адалдығына, әділдігіне сенеміз. Оның біліктілігіне басымызды иеміз. Мақсат Рамазанұлын ауыл халқы 4 жылдан бері жақсы таниды, өте адал, еңбекқор адам. Біз директорды жібергіміз келмейді. Аудандық білім бөлімінің басшысына бірнеше рет бардық. Жүз адам өтініш жазып, қол қойған. Ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің мүшелері 4 рет бардық. Білім бөлімінің басшысы басында біздің арызымызды да қабылдаған жоқ. Директорды қайтарыңдар деп өзге ұлттың өкілдері де талап етіп жатыр», – деді Әймен ауылының тұрғындары.

 

Әйтсе де мыңға жуық отбасы тұратын Әймен ауылының халқы оқу ордасындағы орынсыз жағдайға директордың тікелей қатысы жоқ екенін дәлелдей алмай келеді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста