Мектеп директорларының қулығы құрық байлатпай тұр

Мектеп директорларының қулығы құрық байлатпай тұр

Бүгін алғаш рет соңғы қоңырау шарасы 1 маусымда ұйымдастырылып, түлектер 11 жыл білім алған алтын ұясымен қоштасып жатыр. Кейбір мұғалімдер үшін оқу ордасы шынымен алтын ұяға, яғни қомақты табыс көзіне айналды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Балаларды білім нәрімен сусындатып, түрлі оқу сайыстарына шыңдап, олардың өмірден өз орнын табуға көмектесіп, өзі де үнемі біліктілігін арттыратын, шынымен мұғалім деген мәртебелі атқа лайық аяулы ұстаздардың еңбегіне сай жоғары жалақы алғаны жөн-ақ. Өкінішке қарай, маңдай тері төгілмесе де білім мекемесінің есебінен қалтасын толтырғандар бар. Таяуда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай былықтың бетін ашты.

 

Дәлірек айтқанда, Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе ауылындағы қазақ мектебінің бұрынғы директоры, қазір аудандық кітапхананың басшысы факультативтік сабақтарды өткізгені үшін ақы алғанымен, оның біреуін де өткізбегені анықталды. Ол аздай декреттегі әйелі мен ұлын да факультатив өткізетін мұғалімдер тізіміне қосқан. Бірақ олар да бір жыл бойы бірде-бір сабақ жүргізбеген көрінеді.

 

Сонымен қатар, осы аудандағы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі факультативтік сабақтар алғаны белгілі болды. Аталмыш мекеме басшылығы мемлекеттік қызметшілердің қосымша еңбек етуіне тыйым жоқ екенін алға тартады. Бұл қосымша жұмыс қандай деңгейде жүргізілгені алдағы уақытта анықталады.

 

Айтпақшы, отбасымен бірге қосымша сабақтар үшін төленетін қаржыны қалтасына басқан бұрынғы мектеп директоры мемлекетке келтірілген шығынды толық қайтарған. Десе де, құзырлы орган тергеу жұмыстарының соңына дейін аяқтамақ.

 

"Түскен шағымдардың негізінде тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мониторинг қорытындысы таяуда жарияланады", - деп хабарлайды Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.

 

Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын Астана қаласындағы №49 мектептің директоры да "Абайтану", "Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы" және "Жаһандық құзыреттілік" сияқты факультативті сабақтар үшін ақша алып отырған, бірақ сабақты өткізбеген. Сол үшін жұмыстан босатылды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста