Лагерьге баратын балалардан коронавирусқа қарсы сынама алынады

Ақтөбеде мектеп жанындағы, шатырлы лагерьлерге рұқсат берілмеді. Алайда қала сыртындағы жазғы лагерьлер 11 маусымда өз жұмысын бастауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева жергілікті арнаның тікелей эфирінде балалардың жазғы демалысы туралы айтып берді.

 

«Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, жазғы лагерьлер 15 маусым күні өз жұмысын бастай алады. Қала маңында 11 лагерь бар. Қазір лагерь иелері дайындықты бастады. Тек жолдама құнына ПТР тестілеу кіреді. Яғни, балалар сынама тапсырады. 100-150 баладан қабылдайтын боламыз. Қызметкерлер де, балалар да 2 апта лагерьден шықпайды. Жылдағыдай өзге облыстарға жібере алмаймыз», - деді басқарма басшысы.

 

Айта кетейік, Ақтөбе облысында соңғы тәулікте тағы 4 адам індетке шалдығып, вирус жұқтырғандар саны 338-ге жетті. Оның тең жартысынан астамы емделді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста