Көшбасшы оқу орыны уақыт сұранысына сай маман даярлауды басты мақсат етіп отыр

Көшбасшы оқу орыны уақыт сұранысына сай маман даярлауды басты мақсат етіп отыр

Соңғы кездері елімізде маман даярлау ісіне аса көңіл бөлінуде. Сондықтан көптеген жекеменшік оқу орындарын қысқартып, тіпті педагог мамандар даярлайтын оқу орындарына іріктеу жүргізіліп, болашақ ұстаздарды даярлайтын оқу орындарының саны айтарлықтай қысқартылуда. Айналып келгенде мұның барлығы сапалы білім беру үрдісін қалыптастыру, маман даярлау ісінде оқу орындарына жауапкершілік жүктеу үшін жасалып отырған шаралар екені сөзсіз.

Атап өтер жайт бүгінде Жоғары мектеп педагогикасы ұғымына мән берілуде. Ол жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіру және білім берудің тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отырғанын түсінуіміз керек. Жоғары мектеп педагогикасының  басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау. Яғни заманына сай толыққанды маман даярлау ісі деп айта аламыз.

Студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау; жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу; Жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу секілді мәселелер Жоғары мектеп педагогикасының негізгі міндетіне жатады. Ал педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасы кіреді. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің жеке саласы ретінде әлеуметтік педагогика пайда болып отыр. Уақыт сұранысына сай маман даярлау кезінде мән беріліп отырған бұл бағыттардың әрқайсысының маңызы зор деп айта аламыз.

Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жоғары мекеп педагогикасына, Жоғары мектеп оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін игеру, жоғары мектеп дидактикасы, тәрбие теориясы мен білім менеджменті мәселелеріне баса назар аударылған. Маман даярлау барысында дәріс және семинар сабақтарын жүргізу барысында жаңа технологияны пайдалана отырып, интербелсенді әдісті және әр түрлі педагогикалық әдістерді пайдалана отырып болашақ кәсіби мамандар даярлауға жете көңіл бөлінген. Яғни уақыт пен заман сұранысына сай маман даярлау оқу орнымыздың басты мақсаттарының бірі болып отыр!

Бүгінде жоғары білім сапасына баса көңіл бөліп отырған оқу орыны Ұлттық классикалық университетті әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдырып, еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыратын жоғары жеке және кәсіби біліктілігі бар түлектерді дайындау бағытын басты мақсат етіп отырғанын ескерсек, әлемнің жетекші оқу орындарының біріне айналуды мақсат етіп отырған әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мақсаты айқын деп айта аламыз!

Махамбетсалиев Даурен Бахтыбайұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының 1 курс магистранты

Альчимбаева Айгүл Бақытжанқызы, п.ғ. к. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста