Бабаларым сақтап кеткен
Қазақстан атты жерім бар
Сан-алуан ұлттар мекен еткен
Көп тілді жарқын халқым бар
Қайырмасы:
Гүлдене бер асыл жерім
Жылдан жылға көркейіп
Шаттана бер туған елім
Ұрпақ жайып, көбейіп
Елбасының зор еңбегі
Жүректе мәңгі сақталсын
Егемендік пен тәуелсіздік
Ғасырдан ғасырға апарсын
Қайырмасы:
Гүлдене бер асыл жерім
Жылдан жылға көркейіп
Шаттана бер туған елім
Ұрпақ жайып, көбейіп
Өнеге боп жас ұрпаққа
Бейбітшілікті қорғайық
Өркендетіп туған жерді
Көш басы болып қалайық!
Қайырмасы:
Гүлдене бер асыл жерім
Жылдан жылға көркейіп
Шаттана бер туған елім
Ұрпақ жайып, көбейіп
Ел Ордасы Астанада
Өмірге келген жас баладай
Жарқырап тұр Сары-Арқада
Жұлдыздай туған түнгі аспанда
Қайырмасы:
Гүлдене бер асыл жерім
Жылдан жылға көркейіп
Шаттана бер туған елім
Ұрпақ жайып, көбейіп
Сөзін жазған Нұрлыбаев Тоқтарбек Орынбасарұлы