«Гүл жинау». Түркістан облысындағы мектептің бірінде мұғалімдерден аттестациядан өтуге ақша жинаған

«Гүл жинау». Түркістан облысындағы мектептің бірінде мұғалімдерден аттестациядан өтуге ақша жинаған

Түркістан облысындағы мектептің бірі мұғалімдерден аттестациядан өтуге ақша жинаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов хабарлады.

 

Бірнеше күн бұрын Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Қ.Жандарбеков атындағы мектепте «мемлекеттік аттестаттаудан өту үшін» ақша жинау жүріп жатқандығы туралы хабар алдық. Не үшін? Қазіргі таңда мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі мүлдем өзгерді, жемқорлық тудыруы мүмкін барлық тәуекел тұстарынан барынша тазартылды, - деп жазды комитет басшысы.

 

Оның айтуынша, біріншіден, аттестаттау қашықтан өткізіледі, білім беру ұйымының құжаттары электронды түрде ғана алынады, екіншіден, көптеген ақпаратты департаменттер дайын ақпараттық жүйелерден (ҰБДҚ, Күнделік, е-лицензия, т.б.) алады.

 

Болашақта е-Аттестация порталын құрып, құжаттардың барлығын сол жерде қарайтын боламыз. Білім беру ұйымы мемлекеттік аттестатаудан өтпесе, барлық кемшіліктерді жойғаннан кейін, екінші рет өтуге болады. Одан кейін қажет болған жағдайда бару арқылы профилактикалық бақылауға қоямыз, - дейді Дәуенов.

 

Сөзінше, Түркістан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті осы мектепте тиісті жұмыстар жүргізді, бірақ ақпарат дәлелденген жоқ.

 

Дегенмен аудиожазбалардағы «гүл жинау» тапсырмасының болуына байланысты Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментіне мәселені зерделеу бойынша ресми хат жібердік, - деп атап өтті комитет төрағасы.

 

Ол педагогтерге заң бұзғандар туралы хабарлау қажеттігін еске салды.

 

Құрметті педагогтер! Сіздер ешбір және ешқандай жағдайда ақша жинауға міндетті емессіздер! Ақша жинау арқылы Сіздер заңды бұзуға жол берулеріңіз мүмкін. Ақша жинау талабы немесе өтініші болған жағдайда біздің өңірлік департаментке немесе тікелей біздің комитетке бірден хабарласуларыңызды сұраймын. Ақша жинаушыларды да, «гүл» жинаушыларды да заң аясында тиісті жазаға тартамыз! – деп айтты Ернұр Дәуенов.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста