Елордалық оқушы малдың жаппай қырылу мәселесінің тың шешімін ұсынды

Биылғы жылы елімізде жаппай малдың қырылуының белең алуы барша жұртты алаңдатқаны белгілі. Осы тұста Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық мектептің оқушысы Дарья Петина малдың жаппай қырылу проблемасына байланысты өз шешімін ұсынды. Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне баяндап берді.

Еліміздің оңтүстік-батыс аймақтарында ыстық ауа райы мен жауын-шашынның аз болуының салдарынан қуаңшылық орнап, малға қажетті азықтың болмауы ешкімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Қуаңшылық, жем-шөптің жоғары бағасы бұл аймақтарда малдың азаюына, жеке табыстың жоғалуына әкеліп соғады. Азық-түлік рационында консервіленген, ұнтақты хлорелланы қолдану мал санының қырылуына жол бермейді,  дейді автор. 

 Хлорелла тірі организмдердің толық өсуіне қажетті фолий қышқылы, кальций, фосфор, кобальт, магний, мырыш сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың кең спектріне ие балдырлар өкілі. 

NIS оқушылары арасында өткен ғылыми жобалардың желілік байқауында Дарья хлорелланы өсірудің неғұрлым тиімді әдісін анықтау мақсатындағы жұмысын ұсынды. Ол үшін оқушы хлорелланы төрт бөлек бес литрлік ыдыста түрлі жағдайдарда өсіріп көрген. 

“Хлорелла өсірудің ең жылдам және тиімді әдісін табу, оны азыққа қолдану өзекті мәселе. Хлорелла суспензиясы әрі жоғары калориялы азық қоспасы, әрі қолжетімді. Кез келген фермер хлорелланы салыстырмалы түрде төмен бағамен өсіріп, оны тыңайтқыш ретінде қолдана алады”, – дейді жас ғалым. 

Айта кетейік, 2021 жылдың көктем-жазы Маңғыстау және Қызылорда облыстарының шаруалары үшін оңай тиген жоқ. Сондай-ақ, көктемгі жауын-шашынның аздығы мен азық тапшылығынан өңірлердегі мал шаруашылығы саласы зардап шекті. Бұдан бөлек, елдің шығыс, батыс және солтүстік бөліктерінде малдың жаппай қырылуы белең алды. 

Жас ғалым Дарья Петинаның тың әдісі өз жемісін берер болса, еліміздегі мал шаруашылығының дамуына қосылған қосылған зор үлес болмақ. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста