Еліміздің студенттері Гонконгте грант арқылы оқуға мүмкіндік алады

Еліміздің студенттері Гонконгте грант арқылы оқуға мүмкіндік алады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ол Дүниежүзілік білім беру форумы аясында Гонконгтің Білім министрі Christine Choi Yuk-lin-мен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
Гонконг университеттері әлемдегі ең үздік оқу орындарының рейтингіне кіретіні бәрімізге мәлім. Бүгін министр Christine Choi Yuk-lin-мен біздің министрлік және Гонконгтің Білім министрлігі арасындағы қол қойылады деп жоспарланған меморандумда көрініс табуы тиіс мәселелерді талқыладық.Соның бірі - Гонконг тарапының біздің студенттерге гранттар бөлуі. Қорытынды құжатқа осы жылдың жазында қол қоюды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Christine Choi Yuk-lin-ге қазақстандық ғалымдардың Гонконгте «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде (әсіресе «DeepTech» бағыты бойынша зерттеулер мен әзірлемелер саласында) тағылымдамадан өту мәселесін қарауды ұсындым, - деп жазды министр.

Кездесу соңында министрге Қазақстанның жоғары білім беруді интернационалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары, оның ішінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу процесі туралы айтылған.

Осы тұрғыда әріптесімізден Гонконг жоғары оқу орындарының басшылығына біздің оқу орындарының ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығы, сондай-ақ қос дипломды бағдарламаларды енгізу және қазақстандық жоғары оқу орындарында филиалдар ашу туралы ақпаратты жеткізуді сұрадым, - дейді Саясат Нұрбек.

BAQ.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста