Елбасының батасын алған оқушы Американың үздік университетіне оқуға түсті

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат Гарвард университетінің грантына ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақназар АҚШ-тың көне оқу орнында топологияны әлемдік деңгейде зерттеуді жоспарлап отыр. Ол математиканың осы бөлімінде үлкен жетістіктерге жетіп үлгерді.

"Назарбаев зияткерлік мектептерінің 10 жылдық мерейтойына арналған "Ұлы дала мұрагерлері" форумында Ақназар өзінің зерттеу жұмыстарын Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырды. Елбасы Ақназарға батасын беріп, Гарвард университетіне түсетініне сендірген еді", — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, бірнеше халықаралық олимпиадада топ жарған қазақстандық вундеркинд күні кеше бірегей рекорд орнатты. Ақназар ACT мен SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында ең жоғарғы – 36/36 және 2400/2400 ұпай алды. Гарвард университетінің сайтындағы ақпарат бойынша, оқуға түскендердің төрттен бір бөлігі ACT-дан 33 балл алса, қалған 75%-і 35 ұпай жинаған.

"Аспирантураны аяқтаған соң, Қазақстанда ғылыммен айналысамын", — дейді Ақназар.

НЗМ баспасөз қызметі Қажымұраттың жетістігі Тәуелсіздік күні қарсаңында барша зияткерлік мектебі үшін үлкен сый болғанын атап өтті.

Бұған дейін алматылық вундеркинд Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында есеп-қисапқа қызығушылығы мен ең үлкен арманы жайлы айтқан еді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста