Директор сабаққа кешіккен оқушыларды мектепке кіргізбей қойған

Алматыдағы №15 мектеп-гимназияның директоры сабаққа кешіккендерді мектепке кіргізбей қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Оқушылар 1 сағат бойы далада тұрған.  Топ оқушының мектеп сыртында тұрған видеосы Instagram-дағы krispi_almaty парақшасында жарияланды.

 

«Кезінде бізді де осылай жазалайтын. Дала жылы. Қыс болса, бір сәрі еді. Директордікі орынды», «Сабаққа кешікпесін. Қазір ата-аналар әбден балаларын өбектеп алған. Ұстаздың абыройы қалмады», «Тәрбие болмаса, білім де болмайды. Қазіргі балалар ұстазды сыйлауды қойды», «Директордікі дұрыс емес. Жұмысынан кетіру керек», «Балаларға сабақ болсын деп істеген шығар» деген түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.

 

Ғаламторда тарап кеткен бейнежазбаға қатысты №15 мектеп-гимназияның директоры Бұлбұл Расбекқызы мұндай қадамға оқушыларды тәртіпке келтіру үшін барғанын жеткізді.

 

«Түнімен бала телефонда отырады, ата-аналар қадағаламайды. Келгісі келгенде келіп, келгісі келмесе кететін бұл кіріп-шығып жүре беретін жер емес. Бұл – білім мекемесі. 56 бала кешікті ме, олардың біреуінің ата-анасы маған келіп, ренішін айтқан жоқ. Өйткені талапты жақсы біледі. Менде 89 сынып бар. Соған менде жеке-жеке чат бар. 2000-нан астам ата-анаға мен 24 сағат ашықпын. Балаға «тәк» деген болу керек, бетімен жібермеу керек. Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Ата-анасын тыңдамайды қазіргі балалар. Үлкенді сыйлауға, тәртіпке үйретпесек, ертең қоғам қандай болады? Соны ойлауымыз керек. Бізде тәртіп, талап қатал. Соның арқасында біздің мектеп Алматыдағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі», – деді Бұлбұл Расбекқызы.

 

<iframe class="instagram-media instagram-media-rendered" id="instagram-embed-0" src="https://www.instagram.com/tv/Ca3_fqJD0wo/embed/captioned/?cr=1&amp;v=14&amp;wp=485&amp;rd=https%3A%2F%2Faikyn.kz&amp;rp=%2F187236%2Fdirektor-sabakka-keshikken-okushylardy-mektepke-kirgizbey-koygan-video%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A748.2000000029802%2C%22ls%22%3A669%2C%22le%22%3A740.8000000007451%7D" allowtransparency="true" allowfullscreen="true" frameborder="0" height="1094" data-instgrm-payload-id="instagram-media-payload-0" scrolling="no" ></iframe>

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста