Денсаулық – ең басты құндылық

Қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты елде жарияланған төтенше жағдай кезінде де елімізде білім беру саласы жұмысын тоқтатпай жалғастыруда. Әсіресе, жоғары оқу орындарында қашықтан білім берумен қатар, студенттермен онлайн түрінде рухани-танымдық іс-шаралар өткізілуде.

 

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып жүрген шетелдік студенттер үшін арнайы онлайн түрінде «Денсаулық – ең басты құндылық» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

 

Онлайн-шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен АҚШ, Испания, Қытай, Түркия, Корея, Жапония, Монғолия және басқа да елдердің шетелдік студенттері қатысты.
Іс-шара барысында сөз алған шетелдік студенттер табиғатты адам тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды, салауатты өмір салтын ұстануды сөз ете отырып, барлық ұлттарды толғандырып отырған, барлық азаматтардың денсаулықтары мен рухани саулықтары ойландыратын, қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты әлемде және елде жарияланған төтенше жағдайында тазалық сақтау, карантин аяқталғанша көшеге шықпай үйде отыру туралы ойларын ортаға сала отырып, дүниежүзілік қоғам мәселесіне айналып отырғанын да атап өтті.

 

Кафедраның оқытушылары баяндамалар жасай отырып, адамның денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керектігін, дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кірісетіні жайында баяндады.

 

Студенттер көтерілген мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл денсаулық тақырыбына арналған онлайн түріндегі іс-шараға шетелдік студенттер белсене қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.

 

«Денсаулық – ең басты құндылық» - атты онлайн түрінде өткен тәрбиелік іс-шара шетелдік студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға үгіттеуге өз үлесін қосты деп санауға болады.


Ж.Е. Жаппасов., А.Е. Саденова.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста