"Болашақ" стипендиясы арқылы шет елде тағылымдамадан өтетіндер үшін талап өзгерді

"Болашақ" стипендиясы арқылы шет елде тағылымдамадан өтетіндер үшін талап өзгерді

2023 жылдан бастап шетелде өндірістік тағылымдамадан өтетін «Болашақ» стипендиаттарының еңбекпен өтеу мерзімі 1 жылға қысқарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ғылым министрлігі хабарлайды.

 

Стипендия иегерлері «Fortune Global 500», «Forbes Global 2000», «Forbes Top 100 Digital Companies», әлемдік рейтингтеріне кіретін ұйымдарда, БҰҰ-ның халықаралық ұйымдарында тағылымдамадан өте алады. Сондай-ақ докторанттарға алған мамандығы бойынша постдокторантурадан өту үшін еңбекпен өтеу мерзімі шегеріледі.

 

«Өзгертулердің арқасында «Болашақ» стипендиаттары шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуын аяқтағаннан кейін әлемдегі үздік халықаралық компанияларда жұмыс істей алады. Бұл оларға жетекші ұйымдарда тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейдегі кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді», - деді ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ләззат Әділова.

 

Сонмен қатар, биылдан бастап шетелдік университет, жұмыс беруші немесе ұйым тарапынан академиялық оқуға гранты бар «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін міндетті еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқартылған болатын.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста