Ауылға баратын мұғалімдерге қандай жағдай жасалады

Ауылға баратын мұғалімдерге қандай жағдай жасалады

Қазақстанда үздік педагогтарды өңірлерге арнайы бағдарлама арқылы тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Алдағы уақытта үздік педагогтарды Маңғыстау, Атырау, Алматы мен Түркістан облыстарына тарту бойынша арнайы бағадарлама қолға алынады. Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау жасалады. Соның ішінде жалақының ұлғайтылған коэффиценті, арендалық баспана мен коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу сияқты шаралар бар", - деді Каринова министрліктің алқа мәжілісінде.

 

Осылайша, аймақтардағы білім деңгейінің алшақтығын қысқарту жоспарланып отыр.

 

Бұдан бөлек, 2022 жылы кем дегенде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.

 

Айта кетері, қаңтардың басында жаппай тәртіпсіздіктерден кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үздік педагогтарды аймақтарға тарту бойынша арнайы бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста