Атыраудағы балабақшада 3 жасар қыздың саусағы жұлынып қалды

Атыраудағы балабақшада 3 жасар қыздың саусағы жұлынып қалды

Атырау қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 3 жасар қыздың саусағы жұлынып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап жазды.

Бүлдіршін балабақшада әткеншек тепкен кезде жарақат алған-мыс. Соның салдарынан қыздың төртінші саусағы жұлынып кеткен. Баланың қалай жарақат алғаны әзірге белгісіз. Оның ата-анасы полицияға балабақша әкімшілігі тарапына шағым жазды. Бүлдіршінді облыстық балалар ауруханасына тәрбиешілер жеткізген.

 

Оның ата-анасына медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін хабар берген. Жазатайым оқиға түске дейін болған.

 

"Бала ауруханаға сағат 11:20 шамасында жеткізіліп, дәрігерлер көмек көрсеткен. Оған "тырнақ пластинасының зақымдануы мен қолдың ашық саусақ жарасы" деген диагноз қойылған. Саусақтарының рентгенографиясы жасалып, жара хирургиялық жолмен емделіп, таңылып, инфильтративті анестезия жасалған. Салдарынан сол қолдың төртінші саусағы жыртылған", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Медициналық ем-дом жасалған соң, бүлдіршін үйіне қайтарылған.

 

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабына сәйкес, яғни балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста