«Ата-аналардан «балаларымызға өзіміз жауаптымыз» деп қолхат алу – ойға қонымсыз»

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру жұмысы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, сауықтыру мәселесі өте маңызды. Бұл ретте, есімізден бір мәселе шықпауы тиіс, бастысы - балалардың денсаулығы. Өңірлердің өздері эпидемиологиялық ахуалға сәйкес шешім қабылдайды. Қауіпсіз болса ғана мәселені шешу керек. Балаларды қалай болса да сауықтыру орталығына жіберу қажет деген сөзді ешкім қозғап отырған жоқ. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігі бірінші орынға қойылсын», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында. Министрдің айтуынша, жылда мұғалімдер ата-аналардан әртүрлі қолхат алатын дәстүр бар. «Ол қаншалықты дұрыс? Ата-аналар онсыз да өз балалары үшін жауапты. Ешқандай қолхат қажет емес. Жаз айында мұғалімдер демалуы тиіс. Ата-аналардан «балаларымызға өзіміз жауаптымыз» деп қолхат алу – ойға қонымсыз мәселе. Оны тоқтауымыз керек. Бұл мәселені мектеп басшыларына жеткізген абзал», - деді ол. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста