Астаналық түлектерге ЖОО-да оқу үшін 115 млн теңге әлеуметтік көмек төленеді

Астаналық түлектерге ЖОО-да оқу үшін 115 млн теңге әлеуметтік көмек төленеді

Астаналық мектеп түлектеріне ЖОО-да оқу үшін 115 млн теңге әлеуметтік көмек төленеді. Бұл жайында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова өңірлік коммуникауиялар қызметіндегі брифингте айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 1 шілдеден бастап 21 тамызды қоса алғанда елорданың жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде оқу үшін әлеуметтік көмек алушылардан құжат қабылдайды. «Астана қаласының мұқтаж санаттағы адамдардың тізбесін анықтау, әлеуметтік көмек көрсету және мөлшерін белгілеу ережесінің» 75-тармағы бойынша, елорданың жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын мектеп түлектерінің мына санаттарына: жетім балаларға, балалар үйінің түлектеріне, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға, оның ішінде биыл кәмелет жасына күндізгі бөліміне түскенге дейін кәмелет жасына толып қойған үйдің үлкендеріне де әлеуметтік көмек беріледі», – деді Айгүл Таласова.

 

Оның сөзінше, мұндай көмек алатын баланың отбасында жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4 еселенген мөлшерінен аспау керек. Мұны ақшаға шақсақ, 213 240 теңге деген сөз.

 

Әлеуметтік көмек тиісті оқу орнындағы оқу ақысының нақты мөлшері көлемінде, биылғы жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат шегінде төленеді.

 

Биыл елорда бюджетінде осы санатқа жататын 185 мектеп түлегіне әлеуметтік көмек беру үшін 115 млн теңге қарастырылған.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста