«Астана» медициналық университетінде жалған IELTS сертификаттарынан дау шықты

Оқу орнындағы олқылық. «Астана» медициналық университетінде студенттердің арыз-шағымынан кейін ағылшын тіліне арналған IELTS-тің жүздеген жалған сертификаты анықталды.

Осылайша, магистратура, докторантура және резидентурада білім алып жүргендердің кейбірі сотқа дейінгі тергеуге шақырылды.

Оқу орнындағы олқылық студенттер арасында дүрбелең туғызды. Мұндағы білім алушылар алдымен ректоратқа, одан әрі Білім және ғылым министрлігіне шағымданып, кейбір қатарластарының IELTS сертификатына оңай жолмен қол жеткізгенін баяндады.

Франц Галицкий, «Астана» медициналық университетінің ректоры қызметін уақытша атқарушы:

- Мәселенің мән-жайын зерттейтін комиссия құрдық. Бірақ бұл құжаттардың жалған екенін дәлелдеу үшін оны берген халықаралық ұйымға хабарласып, базасын жан-жақты тексеру қажет болды. Сөйтіп, Білім және ғылым министрлігі жүйеге кіру мүмкіндігін пайдаланып, оқуға түскен 110 студенттің бұл базада жоқ екенін анықтады.

Халықаралық мәліметтер базасында жоқ болып шыққандар қазір мемлекеттік грант есебінен білім алып жүр. Ал ІELTS сертифаттары жасанды емес танылған студенттер ақылы негізде оқуға мәжбүр.

- Егер бұл жолы мәселе шешілмейтін болса, қайта көтереміз. Менің ұсынысымды ақылы негізде оқып жүрген резиденттер қолдайды деп ойлаймын.

- Біреудің сыртынан тон пішетін сендер кімсіңдер? Ешкім қарсылық көрсетпесін! Резидентураны аяқтау үшін барлық күшімізді саламыз.

- Ақша беріп пе?

- Бұл сендердің шаруаларың емес!

Медицина университеті ректорының міндетін атқарушы жоғары оқу орнынан кейін білім алушылар екі сынақ тапсыруға міндетті екенін айтады. Бірі ағылшын тілінен, енді бірі таңдаған мамандығы бойынша. Яғни IELTS сертификатын иелену туралы арнайы талап жоқ. Бірақ бұл құжат талапкерге біраз басымдық беретін болғандықтан, көбі оған қол жеткізуге ұмтылады.

Франц Галицкий, «Астана» медициналық университетінің ректоры қызметін уақытша атқарушы:

- Бұл құжат міндетті емес. Тек ағылшын тілінен сынақ тапсыру туралы арнайы шарт бар. Егер талапкердің қолында IELTS сертификаты болса, оған автоматты түрде балл қосылады.

IELTS базасында есімі анықталмаған студенттер білімін жалғастырып жатыр. Дегенмен, қалалық ішкі істер департаменті жалған құжат мәселесіне қатысты тергеуді аяқтап, сот-техникалық сараптамаға жөнелтіп үлгірді.

Франц Галицкий, «Астана» медициналық университетінің ректоры қызметін уақытша атқарушы:

- Тізімде жоқ болып шыққан студенттер IELTS тапсырып, сертификатқа әділ жолмен қол жеткізгенін айтып отыр. Ішкі істер қызметкерлері осындай айла-амалдың рас екенін анықтаса, шара қолданатын боламыз.

Істің ақ-қарасын анықтау қиынға соғып тұр. Жалған құжат иелері бұл бармақ басты, көз қысты әрекетке университет қызметкерлерінің де қатысы бар дегенді көлденең тартады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро студенттер тарапынан деканат мамандарының IELTS сертификатын қолдан жасағаны жөнінде арыз түскенін хабарлады. Енді оқу орнындағы олқылықты құқық қорғау органдары анықтап, айыптыларды жауапқа тартуы тиіс.

24.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста