Ақмола облысындағы Қызылжар ауылының орта мектебінен шу шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбада оқытушылардың екі қолға бір күрек алып, қара жұмысты істеп жатқанын көруге болады.
Мұғалімдердің өздері мектеп басшылығының сабақтың арасында күрделі жөндеу жұмыстарын істеткізіп, қар күреуге, құрылыс материалдарын тасуға, ауланы тазартуға мәжбүрлегенін айтады.
«Қызылжар орта мектебі. Міне, мұғалімдерді «стяжка» істеуге мәжбүрлеп жатыр. Осындай жұмыстар. Әй, кішкене сал, кішкене сал!.. Міне, жігіттер кетіп бара жатыр. Осындай жағдайлар бізде белең алып отыр, құрметті халық», – дейді видеоны түсірген жігіт.
<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/Wqdsu6W85q8" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>