Алматының Наурызбай ауданында жаңа оқу жылында екі мектеп ашылады

Мектептегі орын тапшылығын азайту үшін 1 қыркүйекке қарай ауданда 2400 орындық 2 мектеп ашылады. Бұл - Қалқаман шағын ауданында 1800 балаға арналған №206 мектеп пен Қарғалы шағын ауданындағы 600 орындық «Заман» жекеменшік мектебі. Бұл туралы қала басшысы аудан тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, жыл соңына дейін тағы 2 мектептің құрылысы аяқталады. Бұл - «Алма сити-5» тұрын үй кешені аумағындағы 1200 орындық және «Қалқаман» шағын ауданындағы Абай даңғылында орналасқан 1500 орындық мектеп.

Бұған қоса, Шұғыла шағын ауданы аумағындағы «Әлем сити» ТК, «Алма сити-4» ТК тұрғын үйді салушылар 1200 орындық 2 мектептің құрылысын қолға алған. Бұл 2023 жылдың 3-тоқсанында аяқталады.

«Құрамыс» шағын ауданында 1200 орындық және «Шұғыла» шағын ауданында 1600 орындық мектептің құрылысы келесі жылға жоспарланып отыр. «Шұғыла» шағын аудандағы №174 мектепке жапсарлас 375 орындық құрылыс жүргізудің ЖСҚ әзірленуде. Бұл келер жылдың 2-ші тоқсанында басталады. Мектепке дейінгі орын тапшылығын азайту үшін биыл «Шұғыла» шағын ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі – 2023 жылғы 2-тоқсан»,-дейді қала әкімі.

«Нұрлы Дала» тұрғын үй кешеніде 320 орындық балабақшаның жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жақында 800 орындық 3 балабақшаның ЖСҚ дайындауға байқау жарияланады. Құрылыс 2023 жылы басталады.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста