Алматыда оқушылар сабақ үстінде порно көріп отырған

Алматыда оқушылар сабақ үстінде порно көріп отырған

Алматы прокурорлары мектеп оқушыларының сабақ үстінде порнографиялық сипаттағы видео көріп, сыныптастарын қорлау дерегіне қатысты түсінік білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы оқу орындарының бірінде оқушылардың сабақта анайы видео көріп жатқаны туралы мәлімет тараған болатын.

 

Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тыйым салынған ақпараттан қорғалғандығына талдау жасады. Белгілі болғанындай, видео 2022 жылдың қаңтарында түсірілген.

 

«Мұндай сайттарды бұғаттау бойынша органдардың қабылдап жатқан шараларына қарамастан, іс жүзінде күн сайын жаңалары құрылып жатыр. Осыны ескере отырып, Алматы қаласының прокуратурасы осындай контентке мониторинг жүргізу және олардың оқушылар арасында таралуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтіп, қайта қарауды ұсынды», - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Білім басқармасы арнайы бұйрық қабылдады.

 

«Оған сәйкес «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» КММ-ге мониторинг жүргізу және «қара тізімді» қалыптастыру міндеті жүктелді. Анықталған тыйым салынған сайттар «School net» корпоративтік желісіне енгізіледі. Бұл оқушылардың жағымсыз контентке қолжетімділігін барынша азайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті қадағалау органынан.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста