Әлем ғалымдары 200 жыл шешімін таба алмаған есепті, 20 жастағы қазақ баласы шығарды

Атырау қаласының 20 жастағы тұрғыны Ақылбек Көпжасаров әлем ғалымдары шеше алмаған, ең қиын есептің шешімін тапты. Бұл деректі Филдс сыйлығы комитеті мен Еуропа математика қоғамы растаған деп хабарлайды "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ол ата-анасымен бірге екі бөлмелі үйде тұрады. Оргтехника дүкенінде кеңесші болып жұмыс жасайды. Математиктің көне замандағы әйгілі үш есептің біреуі - бұрыштың үшсекциясы (трисекция) туралы есептің шешуін тапқанын білмегенде ол қарапайым жігіт болып қалар еді.

Бұл шеңбердің квадратурасы мен кубтың екі еселенуі туралы есептермен қатар көп ғасырлар бойы классикалық шешілмейтін құрылымдық ойжұмбақ деп саналып келді. Циркульдің және сызғыштың көмегімен берілген бұрышты тең үш бөлікке бөлу керек. Мұндай құрылымның мүмкін еместігін, тіпті, француз математигі Пьер Лоран Ванцел 1837 жылы дәлелдеген.

Ақылбек ол туралы алғаш рет 15 жасында өз ұстазынан математика бойынша өткізілетін факультативтік сабақ кезінде естіпті. Содан бері қарай әр бос уақытын ол есептеумен өткізген.

"Математикалық сайттардан көпшілігінің әлі күнге дейін осы есептерді шешуге тырысатынын оқыдым. Бәсекелестіктің маған дем бергенін жасырмаймын",- дейді Ақылбек.

"Бүгінгі күні жалпы жағдайда бұрыштың үшсекциясы циркульдің немесе сызғыштың көмегімен орындалмайтыны дәлелденсе де, бұл құрылымды орындауға болатын қисық сызықтар бар: Паскаль ұлуы немесе трисектрисасы, Никомед конхоидасы, конустық қималар, Архимед спиралі, сонымен қатар, жазық оригами көмегімен құрылым жасау. Мен есеп шартын ұстанғым келмеді. Сол кезде Морлей теоремасына жүгініп, есепті Ламун шеңбері арқылы шешпек болдым. Алайда, өкінішке орай, тұйыққа тірелдім. Сол кезде ойыма Киперт гиперболасының және үшінші шеңбер ережесінің көмегімен Гильберттің дәлелін пайдалану идеясы келді".

Бір қызығы, Ақылбектің табиғи математикалық дарыны таң қалдырады. Себебі, жас жігіттің магистрлік, не бакалавриаттық, бірде-бір білім дәрежесі жоқ.

Қаламадым, оған уақытым да болмады, мен Есепке беріліп кеткен едім,-дейді жас жігіт.

Ата-анасынан қаржылық тұрғыда тәуелсіз болу үшін Ақылбек компьютерлік техника дүкеніне жұмысқа орналасқан. Ол ақыл айтып, мазасын алмағаны үшін ата-анасына өте риза. Енді олар есімі математика тарихнамасына мықтап жазылған ұлы үшін мақтана алады.

Ақылбек есептің шешімін тапқанын түсінген кезде, Еуропа математика қоғамына хат жазған. 2 айдан кейін жауап келді. Жоғарғы комиссия Ақылбек Көпжасаровқа 2018 жылы кезекті Еуропалық математикалық конгресс кезінде сыйлық тағайындауға әзір екен.

Оған бүкіл әлемнің математиктерінен сүйсінген пікірлер келе бастады. Ақылбек біреулер есептің шешімінен қателік тауып қалар деп қорқынышпен күтіп жүрді. Бірақ, бағына қарай, әлі күнге дейін ешкім мұндай дәлел ұсынбапты.

Ол Абель сыйлығын да алу ниеті бар екенін жасырмайды. Бұл математика бойынша Нобель сыйлығына пара-пар келеді, ақшалай сыйлық мөлшері 1 млн доллардан астам. Алайда Абель сыйлығының жүлдегерін Халықаралық математикалық одақ пен Еуропа математика қоғамы тағайындайтын бес математиктен құралған халықаралық комитет анықтайды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста