270 студент "Тайбурыл" стипендиясының иегері атанды

270 студент "Тайбурыл" стипендиясының иегері атанды. Білімді де, еңбекқор жастар үшін арнайы сыйақыны қазақстандық банктер тағайындаған. Енді марапат иелері алдағы бес ай бойы 30 мың теңгеден шәкіртақы алып тұрады.

Самал Сұлтанова - Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің студенті. Биотехнология факультетінің төртінші курсында оқиды. Білімді студент "Тайбурыл" қоры мұрындық болған шәкіртақыға қажетті құжаттарын осымен екінші мәрте өткізіп отыр. Бағы жанса, екінші мәрте арнайы шәкіртақының иегері атанбақ.

Самал студент - өзіне артқан ұстаздарының үмітін ақтады. Тағы да "Тайбурылдың" жеңімпазы атанды. Студент банктер қолдауымен жасалған мұндай марапат - өзі секілді жастардың білімін шыңдауына үлкен мүмкіндік беретінін айрықша атап өтті.

САМАЛ СҰЛТАНОВА, "Тайбурыл" шәкіртақысының жеңімпазы:
- Алдымен әрине алғысымды айтамын. Біз сияқты жақсы оқитын студенттерге, осындай мүмкіндік беріп жатқанына, және жақсы оқуға ынталандырып жатқанына. Стипендияны алғаннан кейін біз тағы да алсам екен, жақсы оқысам екен деген ой туындайды.

Енді Самал сынды 270 студент алдағы бес айда 30 мың теңгеден шәкіртақы алатын болды. Оларға мұны растайтын сертификат тапсыру сәті Kaspi Bank-тің Бас кеңсесінде өтті. Айта кету керек, бұл банк соңғы екі жылда "Білімді қолдау" бағдарламасына 30 миллион теңге қаржылай қолдау көрсеткен.

МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ, «KaspiBank» АҚ Басқарма төрағасы:
- Біз, білімнің - адам өміріндегі ең маңызды құндылығы деп санаймыз. Сені ештеңеге тәуелді етпейтін де, алға қарай жігерлендіріп отыратын да білім. Білімді болсаң, сәттілік сенің қасыңда!

МАҒЖАН ӘУЕЗОВ, «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы:
- Бұл жерде маңызды нәрсе жастардың біліміне берген кәсіби мамандардың бағасы. Алдағы уақытта студенттердің жұмысқа жылдам тұруына да бұл жетістіктерінің пайдасы болады деп білемін.

Ұйымдастырушылар, жеңімпаздардың сексен пайызы - техникалық мамандық иелері екендігін айтады. Және олардың басым бөлігі - қыз балалар екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша шәкіртақыға өтініш қабылдаудың жаңа кезеңі келесі тамызда болады.

 31.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста