Наурыз мерекесі ішіп-жеу күніне айналып кетпесін десек...

Наурыз мерекесі ішіп-жеу күніне айналып кетпесін десек...

Тарихшылар Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы көрісуден басталған дейді. Ықылым заманда ешқандай байланыс құралы болмаған. Қыс түсе жұртшылықтың жақындары мен ағайындары арасындағы қарым-қатынас біразға үзіліп қалады. Сөйтіп, қыстан аман-есен шыққандарының өзін үлкен бақытқа теңеп, күн жылынғанда қауыша бастайды, яғни көрісуді асыға күткен шығыс халықтарын бұл күн зор қуанышқа бөлеген.
Шығыс халықтарының Наурызды осы­лай жаңарудың, жаңғырудың үлкен мерекесі, күн мен түннің теңелетін Ұлыстың ұлы күні ретінде сән-салтанатымен тойлауының астарында үлкен мән-мағына жатыр және сан ғасырлар бойы жасап келеді. Жер бетінде Наурыз мерекесін осы күнге дейін мемлекет деңгейінде өткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа бар құндылықтарымен тұтастай табыстап келе жатқан елдер аз емес.
«Наурыз мерекесін шығыс халықтары секілді салтанатты шеру тұрғысында тойлау деңгейіне жеткізе алдық па?» деген сауалға жауап іздемес бұрын бірнеше елдің Наурызды атап өткізудегі бәріне ортақ не бар, соған үңіліп көрейікші.
Қырғызстан
Қырғыз елі жылдың алғашқы күнінде «нооруз кёджё», «ауз кёджё», «кавут» ұлт­тық тағамдарын дайындап, Жаңа жылда бір-бірін көтеріңкі көңіл күймен құттық­тайды. Наурыз мерекесінде көпші­лік қауым ұлттық киімдерін киіп, қала көше­леріндегі мерекелік серуенге қосылады.
Өзбекстан
Мерекенің алғашқы күнінде өзбек халқы бір-бірінің үйіне қонаққа барып, ұлттық тағамдардан ауыз тиеді. Қала көшелері мен алаңдарда ұлттық ойындар ұйымдастырылып, сахналық қойылымдар көрсетіледі.
Түрікменстан
Невруз күніне орай, түрікмен хал­қы «семени» деп аталатын ұлттық тағам­дарын дайындап, келген қонақтарға ұсы­нады. Сондай-ақ ұлттық киімдерін киіп, ұлттық музыкалық аспаптарымен қала көшелерін думанды салтанатқа бөлейді.
Әзірбайжан
Бұл елде Наурыз мерекесі үш күн тойланады. Наурыздың 21-23 аралығында күллі республика аумағында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, жұртшылық көше-көшелерде салтанатты шеруге шығып жатады.
Түркия
Түркияның әр аймағында Наурыз мере­кесін тойлаудың өз дәстүрі болған­дықтан, бұл мерекенің ел арасында «Айдың соңы», «Сұлтан неврузы», «Невруз сұлтан» деген басқа атаулары бар.
Күллі жамағат таза киімдерін киіп, бір-бірлерінің үйіне барып, мерекемен құттық­тайды. Қала көшелерінде мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Мереке күндері қалың жұрт көңіл көтеруге міндетті.
Иран
Ирандықтар көктем мерекесін «Жаңа жыл мерекесі» деп атайды. Бұл мереке 13 күн бойы үздіксіз тойланады. Мерекенің 13-күнінде көпшілік таза ауаға шығып, серуендейді.
Татарстан мен Башқұртстан
Наурызда мерекелік іс-шаралар өткізіліп, жер-жерлерде ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Ауғанстан
Бұл күні барлығы қала көшелері мен алаңдарға шығып, көктем мерекесін қарсы алады. Ұлттық ойындар ұйым­дастырылып, өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салады.
«Әр елдің салты басқа, иті қара қас­қа» демекші, бұл күнді әр ел өзінше той­лайды. Десек те, бәріне ортағы – бүгінгіше айтқанда, салтанатты шеру. 
Біз ше, жоғарыда сөз болғандай, Ұлыстың Ұлы күнін өзге шығыс елдеріндей қала көшелерін үлкен думанға бөлеп, тайлы-таяғымызбен тойлайтындай дәре­жеге жеткізе алдық па? Қайдам... Тәуел­сіздік алған алғашқы жылдары қазақтың Наурыз мерекесіне деген ықыласы қандай еді! Ұлттық келбетті айтпағанда, нағыз мерекенің иісі аңқып тұратын. Көпке созыл­мады. Алғашқы екпін басылып қал­ды. Ал Жаңа жыл мерекесіне ел болып бір ай бұрын дайындаламыз. Қала көше­лері қызылды-жасылды түске боянып, шыр­шаны жағуға әкім-қаралар­дың өздері келеді. Иә, Жаңа жыл мере­кесіне еш қарсылығымыз жоқ. Алайда күнтізбемізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі көш бастап тұрса екен дейміз. Ол үшін, бәлкім, Наурыз мереке­сіне жұртшы­лық жақын қабылдайтындай этногра­фиялық сипат беру керек шығар?  Мәсе­лен, «көше-көше­­лерде фольклорлық кейіп­керлер шеруге шығып,  Латын Амери­касы елде­рін­­дегідей карнавалға ұластырсақ дұрыс болар еді» деп те ұсыныс жасап жүргендер  жоқ емес.  Қалай болған күнде де, таптау­рынға ұшырап, тоқырауға түсіп қалмай­тындай, Наурыз мерекесін басқа қырынан қызықты өткізуге ұмты­луымыз керек сияқ­ты. Оның өзін де жал­пыға бірдей мереке дәрежесіне көтеріп, ұлттық маз­мұн беру арқылы ғана. Бай мазмұн мен мәннен жұрдай бола бастаған ұлы да айтулы мерекемізге жаңа тыныс бер­месек, ізденбесек, бұл күн барған сайын ішіп-жеу күніне айналып барады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста