Тәуелсіздік туындысы
Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері іргемізді бекітіп, шаңырағымызды бүтіндей бастадық. Бүгінде Қазақ елі әлемнің мықты мемлекеттерімен терезесін теңестіре бастады. Өткенге зер салып қарасақ, жоғалтқанымыз көп екен. Ендігі мақсат – кешегі күннен сабақ ала отырып бүгінгіні қалыптастыру. Бұл жолда тамырын тереңнен алған Алаш жұрты еңсесін көтеріп, ертеңгі болашақ үшін игі істерге батыл қадам жасап отыр. Осылайша уақыт өткен сайын жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның өз шежіресі жазылуда. Осы орайда біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында оқырман назарына бүгінгі күні еліміздің мақтанышына айналған туындыларды ұсынып отырмыз.
«Астана-Байтерек» монументі
«Қазақ елі» монументі
«Хан шатыры» сауда-ойын-сауық орталығы
Тәуелсіздік сарайы
Ақорда резиденциясы
«Астана-Арена» стадионы
«Сарыарқа» республикалық велотрегі
«Қазақстан» орталық концерт залы
«Нұр-Астана» мешіті
Назарбаев университеті
Бейбітшілік және келісім сарайы
«Шабыт» шығармашылық сарайы
«Думан» ойын-сауық орталығы