Жүргізуші куәлігі тек 2 жыл сынақтан соң берілуі мүмкін

  • 23
Жүргізуші куәлігі тек 2 жыл сынақтан соң берілуі мүмкін

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін беру тәртібін реформалауға ниетті. Бұл ретте Қазақстан Финляндияның оң тәжірибесі басшылыққа алатын болыпты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Оның аясында болашақ жүргізушілердің емтихандарды тапсыру форматы да өзгертіліп, озық елдердің қалыбына түсірілуі ықтимал.

 

Ұсынылып отырған жаңа үлгіге сәйкес, азаматтарға алдымен уақытша жүргізуші куәлігі беріледі. Егер ол жол жүрісі ережелерін бұзбаса, өзін тәртіпті жүргізуші ретінде таныта алса, онда 2 жылдық сынақ мерзімінен кейін және бірқатар емтихандардан өткеннен соң оған "тұрақты жүргізуші куәлігі" беріледі.

 

"Финляндияның оң тәжірибесін ескере отырып, емтихандарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу тәртібін қайта қарау қажет. Жаңа модельде тұрақты жүргізуші куәлігі тек 2 жылдық сынақ мерзімінен кейін және бірқатар емтихандардан өткеннен соң ғана беріледі", – деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі.

 

Бұған ведомствоны республикада бірден бірнеше адамның өліміне соқтыратын жол апаттары санының күрт артуы итермелеп отырған көрінеді.

 

Елде сонымен қатар жүргізушілерді даярлау сапасы да құлдырап барады. Сол себепті полиция тағы бір жаңалықты ұсынды. Ол бойынша автомектептер өзі оқытқан шәкірттері үшін жанама болса да жауапкершілік арқалайды.

 

Атап айтқанда, елде автомектептердің рейтингі енгізіледі, онда осындай әрбір білім ордасы өзі даярлаған жүргізушілердің жасаған жол-көлік оқиғаларының санына қарай бағаланбақ. Яғни, түлектерінің жүргізуші ретіндегі біліктілігі неғұрлым төмен болса, автомектептің рейтингі де құлдырай түседі. ІІМ дерегінше, бұл жүргізушілерді дайындайтын бизнес субъектілерінің жауапкершілігін арттырады.

 

"Оларда оқудан өткен азаматтар жасаған ЖКО саны бойынша бағаланатын автомектептердің рейтингін енгізу мәселесі қаралатын болады. Бұл жүргізушілерді даярлауды жүзеге асыратын субъектілердің жауапкершілігін арттырады", – деп мәлім етті министрлік.

 

Әрине, рейтингте тым нашар баға алған автомектептер күштеп жабылмайды. Бірақ мемлекет азаматтарға оларда оқымауға кеңес бере алады. Нәтижесінде, осы бизнес нысандары қара тізімнен құтылу үшін не қызмет сапасын көтереді, не клиент таппай, жабылып тынуы мүмкін.

 

Бүгінде ІІМ бұл бастамаларын "Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы" жобасына енгізді. Құжат қабылданса, аталған жобалар ағымдағы бесжылдықта жүзеге асырылмақ.

 

Қалай болғанда, жол-көлік оқиғаларына қатысты қалыптасқан жағдай полициядан пәрменді шараларды талап етеді.  

 

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың мәліметінше, биылғы бес айдың өзінде 6 мыңнан астам қазақстандық көлік жүргізу құқығынан айрылыпты. Мас күйде машина айдайтындар бұдан да көп.

 

"Жыл басынан бері 7 мыңнан астам мас көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 6 мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. 8 мыңға жуық адам қамауға алынды. Бұл деректер жол ережелері қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйін білдіреді. Оны сақтауға қоғамның әр мүшесі жауапты", – деді Ақтоты Боранова.

 

Оның байламынша, жол апаттары азаюы үшін қоғам да жауапкершілік арқалағаны абзал: жол жүру ережелері отбасында, мектепте және қоғамда үнемі сөз болуы, санаға сіңірілуі қажет. Қоғамда түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілгені жөн.

 

"Ішімдік ішіп, немесе ескірткіге масайып көлік жүргізетіндер көп болып тұр. Олардан өзгелерге қауіп жоғары. Қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын орындау – баршаға ортақ міндет. Жолда дөрекілікке, немқұрайлық пен бассыздыққа жол бермеу маңызды. Жол жүрісі мәдениетін үйренетін уақыт жетті. Қоғамға зиян тигізбеу жөнінде әрдайым түсіндіру шаралары өткізіліп тұрғаны аса маңызды. Әрбір азамат айыппұл арқалағанда ғана емес, жеке басының жауапкершілігін ұдайы ойлауға тиіс", – деді Әкімшілік полиция комитетінің өкілі.

 

Айтпақшы, полиция жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер арасында нашақорларды анықтайтын скрининг жүргізу туралы бастаманы ілгерілетіп көріпті. Бірақ халық теріс қабылдаған соң, одан уақытша бас тартқан екен. Одан проблема жойылған жоқ. ІІМ түсіндіруінше, елде есірткіге тәуелділердің дұрыс есебінің болмауы –  есірткіге сұраныстың ауқымы, сәйкесінше елге есірткі әкелу және өндіру көлемі туралы объективті ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.

 

Қазақ ұмтылған үлгіден фин бас тартты...

Жүргізуші куәлігіне оралсақ, Финляндияда тұратын бұрынғы ресейлік отбасылық психотерапевт, үш ұлдың анасы Наталья Раутавуори (Natalia Rautavuori) қазақстандық Ішкі істер министрлігі үлгіге алып отырған фин тәжірибесі ескіріп қалғанын айтады.

 

"Былтыр ұлымызға жүргізу құқығын әпердік. Финляндияда автомектепте 15 жастан оқуға рұқсат етілген. Бірақ бұл жағдайда сіз тек mopo, mopoauto, яғни жылдамдығы сағатына 45 сағаттан аспайтын мопед қана жүргізе аласыз. Оның үстіне скутерге де жүргізуші куәлігі керек. 16 жастан бастап, мотоцикл жүргізе аласыз. Бірақ автомобильді немесе нағыз байкты айдау үшін жасыңыз 18-ге толуы шарт. Қазіргі талап осы. Бұрын ересектерге де машина жүргізуге 2 жылға уақытша рұқсат беріп, содан соң ғана тұрақты куәлікті ала алатынсыз. Бүгінде жастар 17 жастан бастап, автомектепте оқиды. Теориядан емтихан тапсыра алады. Барлық оқу онлайн жүреді, өте ыңғайлы. Ал 18-ге толғанда, тіпті туған күнінде жүргізу бойынша емтихан тапсыра алады", – деді Наталья.

 

Дегенмен, "Навигатор" автомектебі мамандарының түсіндіруінше, қазақстандық полиция ұсынып отырған модель Украинада енгізілген екен. 2017 жылғы 10 қарашадағы Украина Үкіметінің қаулысымен енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл елде енді жаңа жүргізуші куәлігі 2 жылға беріледі.

 

"Яғни, автомектептерді бітірген және арнайы сервис орталықтарда теория мен практика бойынша емтиханды табысты тапсырған барлық шәкірттер жүргізуші куәлігін тек 2 жылға алады. Осы 2 жылда өзін тәртіпті жүргізуші ретінде көрсете алса, онда ешқандай қосымша емтихансыз, қолданыс мерзімі 30 жылға созылатын тұрақты куәлік алады", – деп түсіндірді автомектеп сарапшылары.

 

Ал егер жолда ойқастап, қауіпті жүріс танытса, жол қозғалысы ережелерін бұзса, не болады?

 

Ереже бойынша "жас" жүргізуші аталған кезеңде 2-ден көп әкімшілік ескерту алса немесе бір қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, онда оның уақытша құқығының күші жойылады. Ол қалпына келтіруге жатпайды.

 

Жаңа жүргізушілік құқықты алу үшін тәртіп бұзушыға автомектепте қайтадан оқудан өтуге және теория мен практика жөнінен тағы емтихандар тапсыруға тура келеді. Содан соң оған 2 жыл сынақ мерзімге қайтадан жүргізуші куәлігі беріледі.

 

Бұл өз нәтижесін берген көрінеді.

 

Салыстырсақ, 19,8 миллион ғана халқы бар Қазақстанда 2022 жылы 13 407 жол апаты тіркелген. Сөйтіп, алдыңғы жылғыдан 9,2% өсті. Салдарынан, 19 511 адам зардап шекті.

 

Ал 40 миллионға жуық халқы қалған Украинада 2022 жылы 18 628 жол көлік оқиғасы тіркеліпті. 23 145 адам зардап шекті. Бұл туралы таяуда Украина патрульдік полициясы департаменті бастығының орынбасары Алексей Билошицкий мәлімдеді.

 

Егер жаңа жүргізушілерге 2 жылдық сынақ енгізсе, жүргізуші куәлігін сатып алғандар бірден електен өтпей қалар ма еді. Өйткені салаға жауапты Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин де Қазақстанда жүргізуші куәлігін заңсыз иеленуге болатынын дәлелдеген. Бәлкім, 2 жылдық сынақ жолдардағы сыпайы жүргізушілер санын күрт көбейтер. Әлде жемқорлар мұны да коррупция құралына айналдырып ала ма?

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 201
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 249
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста