Шетелдік көліктерді заңдастыру қашан басталады?

Шетелдік көліктерді заңдастыру қашан басталады?

30 желтоқсанда ел президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмасын іске асыру мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжат 2023 жылғы 1 қаңтарда жарияланды, ол 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді. Жарияланған күн есепке алынбайтынын ескерсек, құжат 12 қаңтарда қолданысқа енеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Тоқаев қол қойған түзетуде көлік заңдастыруды бастауға мүмкіндік беретін тармақ бар. Атап айтқанда, құжат бойынша «Жол жүрісі туралы» заңдағы оң рөлді машинаны алғашқы тіркеуге тыйым салу туралы ереже Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ЕЭО елдерінен келген автомобильдерге қолданылмайды.

 

 

Демек оң рөлді көлік біздің елге Ресей, Армения, Беларусь немесе Қырғызстаннан келсе ғана (кедендік тазартудан өткен) заңдастыруға болады.

 

12 қаңтардан бастап ҚР Экология кодексіне де өзгеріс еніп, былтыр 1 қыркүйекке дейін елге келген шетелдік машиналар утиль алымынан босатылады.

 

Заңдағы осы маңызды өзгерістер күшіне енбей, ҚР ІІМ ӘПК дайындаған заңдастыру туралы арнайы үкімет қаулысы да қолданысқа енбейді. Ол құжат әлі жарияланған жоқ. Сондай-ақ заңнамаға заңдастырылатын көліктерді экокласы мен қауіпсіздік талабына қатысты шектеуден босататын қосымша өзгеріс енгізу қажет.

 

Демек 12 қаңтарды күтеміз.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста