Шетелдік көлік иелері билікке бірнеше талап қойды

Заңдастыру бағдарламасының шарттарына көңілі толмаған жүргізушілер Алматы мен Астанадағы арнайы орталыққа жиналды. Оrda.kz берген мәлімет бойынша 200-ге жуық адам барған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

«Конструктор» («сыңары» бар көлік те) мінгендер автомобилін басқалармен бірдей рәсімдеуді талап етті. Ал Армениядан техника алғандар оны есептен шығару үшін шекара асуға дайын емес екенін айтты. Сондықтан қос елдің үкіметі өзара келісіп, процестің қашықтан жүзеге асуына жағдай жасауын сұрады.

 

Жүргізушілер 214 мың теңге (заңдастыруға — 200 мың, техпаспортқа — 4313, нөмір үшін — 9660) төлеуге дайын, бірақ жеңілдік жасауды талап етті. Өйткені олар «конструктор» алғанынан, кейін ол заңға томпақ келіп, билік Қазақстанда жүруге тыйым салатынынан бейхабар болыпты.

 

Бұл көліктердің контейнер ішінде бөлшек ретінде кіргенін кім көріпті? Бәрінде нөмір болды ғой. Ресей, Армения шекарасынан алдық. Машинамызды бөлшектеп емес, тұтас күйінде жеткізді. Жүріп тұрған, құжаты толық болды, — дейді Астанадағы кездесуге қатысқан тұрғындар.

 

 

Ішкі істер министрлігі «конструкторға» қатысты бұрынғы ойынан айныған жоқ.

 

«Біріншіден, бұрын олар заңсыз қолданылғанын атап өткен жөн. Аталған автомобильдер Қазақстанға қосалқы бөлшек түрінде кірді, кедендік тазартудан өткен жоқ. Ереже бойынша оларды бөлшектеп сату үшін әкелген. Екіншіден, бәрі жалған техпаспортпен, нөмірмен жүр. Бұл автомобильдерді заңдастыруға болмайды. Оларды елден шығару немесе бөлшектеп сату керек, — деді Әкімшілік полиция комитеті Тіркеу басқармасының басшысы Әлібек Кеңесбаев.

 

Машинаны Армения органдарына бармай-ақ есептен шығаруға қатысты сұраққа шенділер Армения билігімен арада ондай келісім жоқ екенін айтты. Бұл мәселе талқыланып жатыр екен, бірақ әзірше көлік иелеріне шетел асып, есептен шығарудан басқа амал жоқ.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста