Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережелері өзгереді

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережелері өзгереді

Ішкі істер министрлігі мен қаржы министрлігі “әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру” пилоттық жобасын іске қосу туралы бұйрық дайындады.

Жоба 2021 жылғы 1 қазанынан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйегіне дейін іске асырылатын болады. 

 
Жүргізуші куәлігін алу үшін алдымен теориялық, одан кейін практикалық емтихан тапсыру керек. Бұрын емтиханның бірін тапсыра алмаған адам келесі күні тағы шақырылатын. Ал жаңа бұйрықтың жобасына сәйкес, қайта тапсыру үшін арада кем дегенде бір күн уақыт өту керек, бұл екі емтиханға да (теориялық және практикалық) қатысты.  

Теорияны тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді. 

Ережеде теориялық емтихан тапсыру үшін емтихан тапсырушылар сынақ күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей "электрондық үкімет" порталы арқылы, порталдың интеграциялық сервистері арқылы немесе мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы өтініш бере алатындығы туралы тармақ пайда болады. 

"Емтихан алушы теориялық емтихан тапсыру үшін бос орындардың болуына қарай тестілеу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей теориялық емтихан тапсыру орнын, күні мен уақытын өзі таңдайды", - делінген құжатта. 

Ереже өзгерістерінің толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Бұйрық жобасы 22 қыркүйекке дейін "Ашық НҚА" сайтында талқылау үшін орналастырылды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста