JAC Sehol X6 «Москвич 5» атауымен шығады

JAC Sehol X6 «Москвич 5» атауымен шығады

«Москвичтің» жаңа моделі жайлы ақпарат шықты. Оның ресми тұсаукесері қашан өтетіні белгісіз, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа өнім Татарстан басшысы Рустам Минниханов КамАЗ зауытына барған кезде көзге түсті. «Москвич 5-тің» сырт пішіні мен сипаттамасын баспасөз қызметі жариялады, оның «Москвич 3» сияқты JAC моделінің көшірмесі екеніне еш күмән жоқ.

 

«Москвич 5» КамАЗ зауытының көмегімен жарық көреді. Суреттен автомобильмен бірге техникалық сипаттамасы жазылған тақтайшаны көруге болады. Ондағы мәлімет «Москвич 5» пен Sehol X6-ның бір модель екенін дәлелдей түседі. Кроссовердің көлемі — 4505×1850×1698 мм.

 

 

Жаңа өнім вариатор немесе 6 сатылы роботпен жұмыс істейтін 1.5 литрлік мотормен жүреді. Базалық түрленім X6-ның Қытайдағы моторымен бірдей агрегатпен жабдықталады, бірақ қуаты 150-ден 149 ат күшіне өзгерген. Ал ең үздік нұсқасына қытайлық Sehol-да жоқ турбомотор (184 а.к; 300 Нм) орнатады.

 

Түпнұсқа кроссовердің беріліс қорап топтамасында механика бар, бірақ ол Ресей нарығына шықпады. «Москвич 5» салонының суреті жарияланбады, дегенмен оның түпнұсқамен бірдей болатыны анық. Sehol X6 үлкен медиажүйе экраны және беріліс қорабының шайба түріндегі селекторымен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

Былтыр жазда кәсіпорынды қайта іске қосу рәсімі кезінде зауыт басшылары сонда шығатын модельдік топтаманы көрсеткен, оның арасында Sehol X6 да бар болатын.

 

«Москвич 5» қашан саудаға түсетіні және бағасы қанша болатыны белгісіз. Бірақ жаңа өнім ең арзаны 1 992 000 рубль (10.1 млн теңге) тұратын «үштіктен» қымбат болады.

 

Зауыт басшысы қызметін жақында Дмитрий Пронин қолға алды, ол неміс маманы Ханс-Петер Мозердің орнына келді. Пронин 2013–2022 жылдары КамАЗ-да жаңа жүк көлігін шығару жұмысын басқарған. Сондай-ақ топ-менеджердің Қостанайдағы компонент шығаратын зауытта үлесі бар. Ол кәсіпорын әлі салынып жатыр.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста