Geely Coolray кроссовері түрленді

Geely Coolray кроссовері түрленді

Geely топтамасындағы Coolray кроссоверінің сырт пішіні қатал көрінеді. Өндіруші алдыңғы бөлігіне жаңа бампер, басқа радиатор торы мен нүктелі сызық түріндегі күндізгі жарық шамы бар жіңішке жарықдиодты оптика орнатқан. Арт жағында өзара жарық панелімен байланысқан жаңа шам, диффузоры өзгерген бампер, жүксалғыш қақпағында спойлер бар. Алдыңғы Coolray-мен салыстырғанда көлемі үлкейген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

 

 

Капот астында 172 ат күші мен 290 Нм беретін алдыңғы жетекті 1.5 литрлік турботөрттік орналасқан. Беріліс қорабы — 7 сатылы робот. Рестайлингке дейінгі машина көлемі дәл сондай, бірақ айналу моменті аз 3 цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталған еді.

 

Бренд Қазақстан тұрғындарына жаңарған Coolray-ды үш комплектацияда ұсынады. Standard — 11 990 000, Comfort — 12 490 000, ал қымбат Flagship нұсқасы 13 490 000 теңге тұрады.

 

Автомобильдің стандарт жабдықтар тізіміне қозғалтқышты батырмамен қосу, орындықтың былғары қабы, климат-бақылау және жылытуға жауапты опциялар кіреді. Көлікте әдеттегі алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастығы, перделер, базалық қауіпсіздік жүйесі мен бірқатар электрлі көмекші құрал бар. Comfort нұсқасында тізімге кілтсіз ашу жүйесі қосылады. Ал бейімді круиз-бақылау, автоматты түрде тұраққа қою, көрінбейтін аймақты бақылау, панорамалық көрініс, жол таңбасын басқанын ескерту және жол белгілерін анықтау сияқты жабдықтар ең қымбат түрленімде қолжетімді.

 

 

 

 

Модельдің интерьерінде технологиялық мүмкіндіктер біршама артқан. Салоннан жаңа панель, өзгерген есік карталарын, жастықшасы ұзарған креслоларды, қайта жасалған ортаңғы екі қабатты панель мен екі үлкен экранды көреміз. Оның біреуі (10.25 дюйм) аспаптардың сандық комбинациясына арналған, екіншісі —12 дюймдік медиажүйе дисплейі. Панорамалы төбе, былғары және күдерімен аралас қапталған салон, түсін өзгертетін атмосфералық жарық, сымсыз қуаттағыш қымбат нұсқада болады.

 

Сатып алушы қосымша ақы төлесе, автомобиль шанағын ақшыл көк түске бояуға, өзгеше дизайндағы диск орнатуға және жүксалғыш есігін электрлі жетекпен толықтыруға болатын Amethyst опциялық пакетін алады.

 

Geely Coolray комплектациялары туралы толық мәліметті Kolesa.kz-тегі «Салонда тұрған жаңа автокөліктер» бөлімінен алуға болады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста