FAW кроссовері Lada X-cross 5 атауымен шығады

FAW кроссовері Lada X-cross 5 атауымен шығады

Санкт-Петербургте өтіп жатқан Халықаралық экономикалық форумда ең ірі Lada — өңі өзгерген FAW Bestune T77 жарық көрді. Бірақ машинаны көпшілікке жай ғана көрсетті, АВТОВАЗ ресми мәлімдеме жасаған жоқ. «Лада Санкт-Петербург» зауыты жұмыс бастайтын күн де кейінге қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

АВТОВАЗ Lada X-cross 5-ті бұған дейін жабық дилерлік конференцияда көрсеткен. Қазіргі көлік пен сол кездегі машинаның шанақ түсі бірдей, бірақ салоны басқаша. Сондай-ақ кроссовердің радиатор торына үлкен Lada эмблемасын жапсырыпты, ал рөлдегі FAW белгісі әлі тұр.

 

 

 

 

Кроссовердің ресейлік нұсқасы 7 диапазонды роботпен жұмыс істейтін 1.5 литрлік турбомотормен жүреді. Қозғалтқыш қуаты қазірше белгісіз. Түпнұсқа Bestune T77-нің агрегаты 160 ат күші мен 258 Нм береді.

 

Журналист Максим Кадаков телеграм-арнасында X-cross 5 екі комплектацияда шығатынын хабарлады, машинаны жаз аяғына қарай сатып алуға болады. Компания 2023 жылы 10 мың автомобиль құрастыруды жосарлап отыр. Бағасы қазірше белгісіз. Бірақ Lada эмблемасын таққан кроссовер 2 169 000 рубль (11.5 млн теңге) тұратын қытайлық нұсқасына қарағанда арзан болады деген болжам бар.

 

Lada X-cross 5 жалғыз қытайлық «Лада» болмайды. Жақында АВТОВАЗ аумағында Bestune B70 лифтбегі көзге түсті. Тольяттиде FAW топтамасының бірнеше моделі шығатын сияқты. Зауыт 14 маусымда жұмыс бастауы керек еді, бірақ кейінге қалды. Қолда бар ақпаратқа сенсек, кәсіпорынды экономикалық форумның соңғы күні, яғни 17 маусымда іске қосады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста