2025 жылы Швецияда электромобильді қуаттай алатын тас жол ашылады

2025 жылы Швецияда электромобильді қуаттай алатын тас жол ашылады

Швеция жүріп келе жатқан электромобильді қуаттай алатын алғашқы трассаны ашуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылы Стокгольм, Гётеборг және Мальмё арасындағы E20 тас жолы іске қосылады. Билік 3000 км жолға ERS жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

 

 

ERS мобильді құрылғы қолданушыларға бұрыннан таныс Qi сымсыз қуаттау жүйесіне ұқсас жұмыс істейді. Мамандар жол төсеміне электр тарататын катушка орнатып, автомобильді қабылдағышпен жабдықтайды. Бұл тәсіл қаншалықты тиімді болатыны жайлы нақты ақпарат жоқ, бірақ схема электромобильдің жүріс қорын арттырып, көлік бағасын түсіруге (сыйымдылығы аз батарея орнату арқылы) мүмкіндік береді.

 

 

Швеция электрлі жол салуға бірінші рет талпынып отырған жоқ. Түрлі жүйеге негізделген жол бөліктерін 2016 жылдан бері сынақтан өткізіп жүр. Мамандар Евледегі 2 шақырым жол бөлігінде жүк көлігін троллейбус сияқты жүргізіп көрген.

 

 

Кейін жүк көлігіне арналған токөткізгіш жолағы бар тағы бір жол бөлігі пайда болды. Мұндай мысал өте көп. Бұл схеманы Швециядан басқа елдер де сынақтан өткізіп жатыр. Мысалы, швед тәжірибесіне сүйеніп жұмыс істеп жатқан Франция мен Германияны айтуға болады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста