Шығынды өндіріп алуға мүмкіндік бар: көліктің үстіне ағаш құласа, не істеу керек

Шығынды өндіріп алуға мүмкіндік бар: көліктің үстіне ағаш құласа, не істеу керек

Қалада қатты дауылдан кейін ағаштар немесе билбордтар көліктің үстіне құлап жатады. Ондайда заң талаптарын сақтап, бәрін мұқият орындаса, шығынды өндіріп алуға болады. Sputnik Қазақстан үстіне ағаш құлаған көліктің шығынын өндіріп алу тәртібін ұсынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Көліктің үстіне ағаш құлаған жағдайда оны өздігімен алуға болмайды. Шашылып жатқан бұтақтарын да жинамаған дұрыс. Алдымен бәрін фотоға және видеоға түсіріп алу қажет. Көлікті, ағашты, айналаны да телефонға түсіріп алған жөн. Осы орайда мамандар арнайы мобильді қосымшаларды қолдануға кеңес беріп отыр. Сонда фото-видеоның датасы мен уақыты көрініп тұрады. Куәгерлерді тауып алуға болады.

 

Одан кейін полицияны шақыру керек. Учаскелік инспектор бәрін қарап шығады да, арнайы акт жасайды. Осы құжатта оқиғаның мән-жайы, көліктің неден зақымданғаны және тағы басқа мәліметтер көрсетіледі. Акт рәсімделгеннен кейін көлікті тазартып, алып кетуге болады.

 

Сосын жақын жерде бейнекамералар болса, видеосын алуға мүмкіндік бар. Ол үшін полицияға жазбаша арыз жазылады. Соның негізінде бейнежазба беріледі. Ал үйде орнатылған камера болса, басқарушы компаниядан сұрап көрген дұрыс.

 

Қазгидрометтен сол күні болған желдің жылдамдығы туралы анықтаманы да алып қойған жөн.

 

Шығынның көлемін анықтау керек

 

Дәлелді жинап алғаннан кейін шығынның көлемін анықтап алу қажет. Онымен арнайы компания айналысады.

 

Сақтандыру компаниясына барып, көліктің үстіне құлаған ағаштың сақтандыру жағдайына жата ма, жоқ па, оны да біліп алған жөн. Сақтандыру төлемі болмаса, ағаш құлаған жерге кім жауапты екенін анықтау керек. Оған әкімдік немесе ПИК жауапты болады. Әкімдікке өтініш жазып, жерге жауапты мекемені анықтауға мүмкіндік бар.

 

Сотқа қалай жүгіну керек

 

Жауапты мекемені тапқаннан кейін оған алдымен сотқа дейінгі талап жіберіледі. Шығынның көлемін көрсетіп, оны өтеп беруді сұрайды. Бағалаушы компанияның қорытындысын, сондай-ақ эвакуаторға кеткен ақша және тағы басқа шығындардың түбіртектерін қоса көрсету керек.

 

Сотқа дейінгі талап көрсетілген уақытта орындалмаса, сотқа арыз түсіреді. Барлық дәлелді тіркеп жібереді. Сонда жауап беруші мекеме шығынды өтеп беруге міндеттеледі. Бірақ көлік тұраққа дұрыс қойылмаса, істі қарау мерзімі созылып кетуі мүмкін.

 

Айта кетері, заң бойынша саябақтағы ағаштарға сол жерде қызмет көрсететін компаниялар жауап береді. Ал аулада тротуарға дейінгі ағаштарға үйдің тұрғындары немесе басқарушы компания жауапты. Құрылыс алаңында тапсырыс беруші жауап береді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста